ДИКТОР: Жазғы уақытта балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Себебі, түнгі уақытта балғындардың көшеге шығуы жиілеп, су айдындарында қараусыз қалып жатады. Осы ретте, облыстық білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті мен ювеналды полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етіп, қараусыз қалдырмауларын сұрайды.

РКС: Шомылу маусымы басталғалы еліміз бойынша 90-ға жуық адам суға кетті. Оның ішінде 35-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Өңірде 8 адамның ажалы дәл осы судан келген. Оның 2-еуі бала, қалғандары ересек азаматтар.

СНХ: ЖАНАТ АСЫЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Мен ата-аналардан су айдындарында баланы қараусыз қалдырмауларын сұраймын. Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіздер. Жүзу шегі орнатылған жерлерден аспауын да ескертемін. Қайықпен балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару кеудешелері болуы тиіс. Қайық және пирсттан секірмеулеріңізді сұраймын. Мас күйінде және түнгі уақытта суға мүлдем түспеуге керек.

РКС: Сондай-ақ, балалардың жол апатына ұшырауы да жиілеп кетті. Биыл жол-көлік оқиғалары салдарынан 7 жасөспірім қайтыс болды. Қайғылы жағдайлар Целиноград, Аршалы, Астрахан, Ерейментау және Сандықтау аудандарында болды.

СНХ: АНТОНИНА ВЫСОЧИНА, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Соңғы кездері ата-аналар балаларына мопед, квадроцикл, гидроскутер және электрмопедтерін жиі сатып алып беруде. Ал, бұның соңы қайғылы оқиғаға әкеліп соғады. Бүгінгі таңда 10-нан астам ата-ана баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

РКС: Өңірде 1-10 сыныпта 132 мыңнан астам оқушы бар. Оның ішінде әлеуметтік осал топқа 17 мыңнан астам бала жатады. Қазіргі уақытта балғындар жазғы лагерьлерде демалуда.

СНХ: АЙНАШ ҒАЛЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда жазғы лагерьлердің барлығына бейнебақылау камералары орнатылды. Сондай-ақ, арнайы күзет пункттері де бар. Әрбір лагерьде медициналық бақылауды жүзеге асыратын және алғашқы медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері бар. Жаз мезгілінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері әр ауысымда суда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді.

РКС: Білім ошақтары мен ойын-сауық орталықтарында балаларға жол және өрт қауіпсіздігі ережелерін айту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, оқыс оқиға уақытында қалай әрекет жасау керектігі жайлы да барынша ескертілуде.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ