Жүргізуші: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмол ауылында Целиноград ауданының активімен кездесу өткізді. Өңір басшысы жаңа тағайындалған аудан әкімі Дарын Сабырғалиге бірқатар тапсырмалар жүктеп, міндеттер қойды. Сондай-ақ, қазіргі мәселелер мен көрсеткіштер де сөз болды.

КСМ: Кездесуде Целиноград ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар сұрақтар көтерілді. Өңір басшысы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға арналған жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы атап өтті. Сондай-ақ, әлеуеті бар, басым бағыттарға да тоқталды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мал шаруашылығын әлеуеті бар. Малдың азаюына, мал өнімдері өндірісінің кемуіне жол бермеуіміз керек. Бұл аудандағы басым бағыт болып қала бермек. Сүт өндірісі мен ірі қара өсіруден аудан біздің облыстағы ғана емес, республикадағы көшбасшы. Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу үлесін арттыру тапсырмасын орындау мақсатында әкімдік жаңа инвестициялық жобаларды қарастыру қажет. Сонымен қатар, қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту керек.

КСМ: Жаңа әкімге 10 күннің ішінде ауданның даму жоспарын ұсыну тапсырылды. Дарын Сабырғали өзіне жүктелген сенімді ақтау үшін қолынан келгенін жасайтынын және тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайтынын жеткізді.

СНХ: ДАРЫН САБЫРҒАЛИ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Марат Мұратұлы, маған Целиноград ауданында жұмыс істеуді сеніп тапсырғаныңызға алғыс білдіремін. Ауданның дамуына барлық күш-жігерімді саламын. Барлық міндеттер орындалады.

КСМ: Ауданда сумен, жылумен қамту жобалары жүзеге асып жатыр. Білім беру ұйымдарына жөндеу жасалуда. Аққайың, Қараөткел, Қызылсуат, Нұрсейіт, Родина, Төнкеріс ауылдарында ауыз судың сапасын арттыру үшін жобалар қолға алынды. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 2,6 миллирд теңге бөлінді.