ДИКТОР: Бірінші қаңтардан жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Ақмола облысында 90 мыңнан астам кәсіпкер, басшы және құрылтайшы бар. Олардың барлығы 15-ші қыркүйекке дейін 250-інші форманы тапсыруы тиіс.

РКС: Декларацияда Қазақстандағы және шетелдегі барлық мүлік көрсетілуге тиіс. Атап айтқанда, бағалы қағаздар, активтер, үлестік қатысу шарттары, жылжымайтын мүлік пен авто¬көлік құралдары. Сондай-ақ, банк шотындағы ақшалар да кіреді.

СНХ: ШЫНАР МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда декларацияны 48 мыңнан астам адам тапсырды. Бұл 53 процентті ғана құрап отыр. Сондықтан, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті декларацияны тез арада тапсыруға кеңес береді. Себебі, декларацияның жабылуына 2 ай уақыт қалды.

РКС: Жалпыға бірдей декларациялауды нақтылау үшін бірыңғай республикалық 1414 платформасында байланыс орталығы іске қосылды. Декларация уақытында тапсырылмаса ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 272-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Толық емес ақпаратты ұсынғаны үшін бірінші рет ескерту беріледі. Ал келесі жолы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. 2025 жылдан бастап декларацияны жеке тұлғалар да тапсырады.