ДИКТОР: Көкшетаудағы Ескі әуежай 24 А мекен-жайында орналасқан тұрғын үйдің және оған жақын орналасқан басқа да көпқабатты үйлердің ауласында ірі көлемді тұрмыстық қалдықтар жатыр. Биылдан бастап заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау меншік иелерінің бірлестіктері мен пәтер иелерінің кооперативтеріне, жеке және заңды тұлғаларға жүктелді. Алайда, халық заңға енгізілген өзгерістерден хабарсыз. Салдарынан, бір ай бойы ауладан қоқыс шығарылмаған. Бүгінде бұл мәселені учаскелік полиция қызметкері мен пәтер иелерінің кооперативі арқылы шешуде.

РКС: Бұл - ескі әуежай шағын ауданындағы аула. Қоқыс контейнерлерінің маңы қоқыс үйінділеріне толы. Онда сынған жиһаз қалдықтарын, ескірген төсек орны мен басқа да тұрмыстық қалдықтарды көруге болады. Ауланың тазалығы мен көркін кетірген қоқыс үйінділерінен шаршаған тұрғындар шағымдануда.

СНХ: БАҚЫТ МАҚАЖАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бір айдан бері осындай қоқыс үйінділерін аула маңында байқап келеміз. Мәселе мынада, қаулы ережелеріне сәйкес, біз жеке және заңды тұлғалардың тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға жауапты екенін білеміз. Бірақ, ең әуелі бұл қоқысты кім тастағынын анықтау керек.

РКС: Айта кетейік, қоқыс контейнерлері аула маңына тым жақын орналасқан.

СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАҚЫМОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл көпқабатты үйлерге 2,3 қоқыс контейнері аздық етеді. Онымен қоймай бұл жерге басқа да үйдің тұрғындары өз қоқыстарын тастап кетеді. Жаңа үйлер бой көтеріп жатыр. Біздің қоқыс қараусыз қалды. Бұл үшін кім жауап береді.

РКС: Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, биылдан бастап ірі көлемді қоқыстарды шығару туралы түзетулер күшіне енді. Бұрын бұл жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарға жүктелген болатын.

СНХ: ЖАНАТ ШӘРІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Бірінші меншік иесі бірлестіктерінің және пәтер иелерінің кооперативінің басшылары тұрғындармен келісіп, қоқыс шығаратын компаниялармен қосымша шарт жасасу керек. Ол кестеге сай ірі көлемді қоқыстарды шығаруға мүмкіндік береді.

РКС: Аталмыш мәселеге қатысты қажетті іс-шаралар жасалмаса, қоқысты тастаған адам алғашында ескерту алады. Қайталанса, 20 айлық есеп көрсеткішіне дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ