ДИКТОР: Жапонияның астанасы Токиода Шинкиокушинкай спортынан халықаралық «Karate Dream festival 2024 international championship» атты фестиваль өтті. Дүбірлі додаға 4 мыңға жуық спортшы қатысты. Ақмола облыстық каратэ шинкиокушинкай федерациясының спортшылары да ат салысып, байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінді. Ел қоржынына 2 алтын медаль салды.

РКС: Халықаралық жарыста 1 мезетте 14 татамиде каратэ споршылары өнер көрсетті. 35 салмақ дәрежесінде 10 жасар жерлесіміз Әлішер Әбусағит 5 жекпе-жек өткізді.

СНХ: ӘЛІШЕР ӘБУСАҒИТ, «KARATE DREAM FESTIVAL 2024 INTERNATIONAL CHAMPIONSHIP» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Менде 5 бой болды. Мен олардың барлығын жеңіп 1-ші орын алдым. Япония спортшыларының тактикасы, олар ең соңында тез-тез ұрып олар солай жеңеді. Менің тренирім Алшынбаев Аязби. Мен ата-анама, сансэйге, ағама алғысымды білдіремін.

СНХ: АБДУЛЛАХ ЭКИДЖИ, «KARATE DREAM FESTIVAL 2024 INTERNATIONAL CHAMPIONSHIP» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Менің татамидегі қарсыластарымның барлығы Жапон елінің спортшылары болды. Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсыластарымның дайындығы жоғары деңгейде. Бұл сапар қызықты әрі жаңа эмоцияларға толы болды. Өзге елде жеңіске жеткеніме әлі сенбеймін. Бірақ елімнің туын желбіреткен кезде, кеудемді мақтаныш сезімі кернеп кетті.

РКС: Шығыс жекпе-жегіне арналған халықаралық фестиваль әлем чемпионатының ауқымына тең келеді. Биыл жарысқа 20-дан астам елдің спортшылары қатысты. Қазақстанның атынан Астана, Маңғыстау, Атырау, Семей және Көкшетау қаласының спортшылары қатысты.

СНХ: АЯЗБИ АЛШЫНБАЕВ, ШИНКИОКУШИНКАЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АҒА БАПКЕРІ: Бұл жарысқа 2 ай көлемінде дайындалдық. Щучинска қаласында «Жақсы 2» деген спорт базысында балалар 1 апта бойы дайындалды. Күніне 2 тренировка жасап. Барлығы жақсы болды. Бізге барлығы ұнады.

РКС: Айта кетейік шинкиокушинкай фестивалінде облыстың 6 спортшысы ел намыс қорғады. Алыс сапардан келе жатқан жеңімпаздарын жерлестері мен жақындары құшақ жая қарсы алды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БАҚЫТЖАМАЛ БАЙСҰЛТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Немеремнің барлық стенасы медальға толып тұр. Баламызға ризамыз. Міне алыс сапарға Токия қаласына барып келді. Онда жеңіске жетпеседе біз үшін 1 орын алғанмен тең. Өте қуаныштымыз.

РКС: Қазақстан спортшылары 9 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есепте 2-ші орынға жайғасты. Ақмола облысының спортшылары дайындықтарын үзбей, шеберліктерін әрі қарай шыңдауға ниетті.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ