Жүргізуші: Ақмола облысында үш мектептің құрылысын аяқталмай жатыр. Білім беру нысандарының құрылысы үш жыл бұрын басталып, пайдалануға беру күні жылдан жылға созылып келеді. Бұл екі ортада жобалардың құны айтарлықтай қымбаттаған. Біздің тілшілеріміз анықтағандай, өңірде мұндай құрылысы ұзаққа созылған нысандар көбейген екен.

КСМ: Үш жыл бұрын Бұланды ауылында 80 орындық жаңа мектеп салына бастады. Нысан 2023 жылдың тамызында тапсырылуы тиіс еді. Бірақ қазір мердігер ұйым мектептің жартысын ғана салған. Құрылыс жұмыстарының көбі аяқталмаған. (істелмейді.?) Ал ауыл балалары бірнеше жылдан бері жергілікті орман шаруашылығы ғимаратында оқуға мәжбүр. Жетпіске жуық бала бес-алты кабинетте білім алады.

СНХ: МӘДИНА СӘДУАҚАСОВА – БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жағдай қиын бізде. Мектеп міне бесінші жыл болды, салынбай жатыр. Менде екі бала мына конторда ГНПП «Бурабай»-да бітірді. Енді тағы үшінші ұлым бар, енді қайда баратынымызды білмейміз. Условие жоқ, туалет жоқ, санузелдар. Тамақ ішетін столовыйлар жоқ балаларға.

КСМ: Дәл осы мердігер ұйым 2021 жылдан бастап өңірдегі Жаңажол және Петровка ауылдарында 80 орындық екі мектептің құрылысымен айналысып келеді. Бірақ нысандар уақытында тапсырылмады. Ал олардың құны орташа есеппен отыз пайызға жуық қымбаттады. Мысалы, Бұланды ауылындағы жаңа мектепті 673 миллион теңгеге тұрғызу жоспарланған. Бірақ қазір жоба құны бір миллиард теңгеден асты.

СНХ: САМИРА ТӘЙТЕНОВА – ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Жалпы, құрылыс және жөндеу жұмыстарының құны осындай «сақалды құрылыстарда» қымбаттайды. Себебі, мердігер ұйым жұмыстарды уақытында орындамай, жобалық-сметалық құжаттамаға өзгертулер еңгізіп, бағаларды көтереді. Өткен жылы, бір серіктестік Ақмола облысында 29 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстарын істеуге кірісті. Бірақ, жартысын уақытында аяқтамай, нысандарды көп проблемалар туындады.

КСМ: Қазір уақытта жергілікті билік мердігерлік ұйым үстінен сот органдарына шағым түсірді. Шенеуніктер келісімшартты бұзып, құрылыс компаниясын жауапсыз мердігер деп танымақ.

СНХ: НИЯЗ БАЙҒОЖИН – ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы үш мектептің құрылысы бірнеше себеппен созылды. Ең бірінші – ол 2021 жылы құрылыс материалдарының бағасы қымбаттады. Сонда көп жобаларды қайтадан қарастарып, құның өсірдік. Ал енді, біз қазір мердігерді сотқа бердік. Алдағы уақытта жаңа мердігерді анықтау үшін конкурс жарияладық. Нысандарды жылдың соңына дейін аяқтауға тиістіміз.

КСМ: Жергілікті билік мектептерді осы жылдың желтоқсанына дейін пайдалануға береміз деп сендіріп отыр. Сонымен қатар, қоғам белсенділері мен сарапшылар елді мекендерді сумен жабдықтау бойынша аяқталмай тұрған 40-қа жуық жобаны анықтады. Ол нысандар құрылыс материалдары қымбатшылығы, жеткіліксіз қаржыландыру және мердігер ұйымдардың материалдық-техникалық базасының әлсіздігі үшін уақытында іске қосылмай жатыр.