ДИКТОР: Балет би өнерінің биік шыңы десе де болады. Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған балет би үйірмесі 1964 жылы Степногорск қаласында ашылды. Оған 1979 жылы "Халықтық" атағы берілді. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Бойжеткен қыздарға бидің қыр-сырын ерекше меңгеруге жетекшілері Светлана Лузина көмектесуде. Жалғыз өзі 3 би тобына дәріс береді. Бұрымдылар тек балетпен шектелмей, сондай-ақ, ұлттық биді де меңгеруде. Жеткіншектерді биге баулу арқылы рухани ләззат аламын, - дейді Светлана Викторқызы.

СНХ: СВЕТЛАНА ЛУЗИНА, БАЛЕТ БИ ҮЙРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бізде 25 қыз және 1 ұл бар. Балаларды балет мектебінің жүйесі бойынша үйретемін. Классикалық би міндетті түрде. Сондай-ақ, халықтық сахналық бимен де айналысамыз. Біз орыс, татар, неміс және қазақ ұлттық билерін билейміз. Әрине, қазақ биі күрделілеу. Бар күш-жігерімізді салып үйренетіп жатырмыз.

РКС: Сахналық өнер саналатын балеттің екінші бір мазмұны - музыкалық образдар арқылы ашылатын спектакль. Ал, бұл бұрымдылардың балет биіне деген жаңа бір көзқарасын ашып, би туралы біраз нәрсе ұғынуға өз септігін тигізуде.

ИНТЕРШУМ: Я хожу на балет 9 лет. Мне нравиться этим заниматься. Мне нравиться классический вид исскуства.

- Хожу на балет 4 года. Нравиться заниматься балетом. Люблю выступать на сценне. И нравиться классический танец.

РКС: Ата-аналар балет үйірмесінің жұмыс істеп тұрғанына риза. Балет - ұжымдық еңбек. Жалпы, елімізде балет өнеріне биыл - 90 жыл.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ