ДИКТОР: Парижде жазғы олимпиада ойындары басталып жатса, Көкшетауда 35-ші облыстық «Ақ бидай» жазғы спартакиадасы өтуде. Оған өңірдің түкпір-түкпірінен 20 команда қатысып жатыр. Жарыс ертең аяқталады.

РКС: Жарыс баскетбол және волейбол ойындарынан басталды. Ерлер арасында Аршалы, Бурабай, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласынның құрама командалары өзара мықтыны анықтады. Астрахан, Аршалы, Бурабай, Есіл аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларыннан келген нәзік жандылар да өз бақтарын сынады. Жалпы жарысқа 1 мыңнан астам спортшы қатысуда.

СНХ: ПЕРИЗАТ АҚЫЛБЕКОВА, ВОЛЕЙБОЛШЫ /СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ: 16 жасымнан сборныйға кірдім. Мектеп кезінде. Бірақ 1-ші жылы заменада отырдым, опыт, барлығын алу үшін. 17 жасымнан бастап уже сборныйда ойнадым. Бүгін Бурабай ауданымен ойнадық. 2-0 есебімен жеңдік. Обедтен кейінгі Есіл ауданымен ойнаймыз деп отырмыз, Бұйырса. Чемпиондар болу – мақсатымыз.

РКС: Сонымен қатар, командалар футбол, үстел теннисі, шахмат және еркін күрестен бақ сынауда.

СНХ: ЕРІК МҰРАТБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Спорттың 8 түрі бойынша жарыстар өтуде. Біз екі спорт түрі бойынша чемпионат өткіздік. Ол спорттық туризм және жеңіл атлетика. Қазіргі таңда Зеренді ауданы мен Көкшетау қаласының спортшылары көш бастап тұр. Бұл жарыстың мақсаты - адамдарды салауатты өмір салтын ұстануға және тұрғындарға спорттың бұл түрлерін насихаттау. Жалпы шара жоғары, сапалы деңгейде өтіп жатыр.

РКС: Спартакиада жеңімпаздары сенбі күні, яғни жарыстың соңғы күні белгілі болады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ