Жүргізуші: Хоккейден Қазақстан құрамасы Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы соңғы ойынында жеңіске жетті. Жерлестеріміз польшалықтардан басым түсті.

КСМ: Есепті Польша құрамасы ашты. Бірінші кезеңнің 10-ыншы минутында олар Қазақстан қақпасынан саңылау тапты. Ал арада 3 минут өткенде Никита Михайлис есепті теңестірді. Екінші кезеңде алма кезек шабуылдар болғанымен, қарсыластар қақпаны дәл көздей алмады. Ал соңғы үшінші кезеңде Қазақстан құрамасының ойыншылары жауапсыз екі шайба салды. 11-інші минутта Валериий Орехов, 15-інші минутта Роман Старченко мергендігімен танылды. Қорытынды есеп 3-1, Қазақстанның пайдасына. Бұл ел құрамасының осы әлем чемпионатындағы соңғы ойыны болды. Ғалым Мамбеталиев шәкірттері 2 ойында жеңіп, 5-еуінде жеңіліп қалды. Осылайша, 8 команданың ішінде 6-орынға тұрақтады. Бұл Қазақстан элиталық лигада қалады деген сөз. Ал әлем чемпионатының финалды 26-ыншы мамырда өтпек.