ДИКТОР: Ақмолалық спортшылар каратэ-до шотоканнан ересектер арасында Шымкент қаласында өткен ел чемпионатынан олжалы оралды. Облыс қоржынында 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль бар.

ИНТЕРШУМ: жеңімпаздарды теміржол вокзалынан қарсы алу сәті

РКС: Чемпионатқа еліміздің 15 облысынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Бәрі сайысқа жоғары деңгейде дайындалып келіпті. Сондықтан оза шабу оңайға соққан жоқ,-дейді жеңғімпаздар.

СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ, ҚР СПОРТТЫҚ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біздің спортшылар жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. Кіл мықтылар жиналған сайыста жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізге алғысым шексіз. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлі талай дүбірлі жарыс бар.

РКС: Жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар Ақмола облысының олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері. Асанәлі Сүтбаев республикалық жарыстан керемет әсер алғанын жеткізді.

СНХ: АСАНӘЛІ СҮТБАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Осы сайысқа бір айдан астам дайындалдық. Қарсыластарымыз да мықты дайындықпен келіпті. Бірінші орын үшін таластың қиын болғанын айтқым келеді. Жарыс жоғары деңгейде өтті.

РКС: Спортшылар енді басқа сайыстарға дайындыққа кіріседі. Өйткені олар жақын арада Ташкентте өтетін әлем чемпионатында, Шымкентте ұйымдастырылатын Әлем Кубогында бақ сынамақ.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, МӘДИНА ӘБДІКӘРІМОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ