ДИКТОР: Көкшетауда дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында өткен облыстық жарысқа 2012-2014 жылы туған 80-нен астам жасөспірім қатысты. Бұл сайыс Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вячеслав Кащевцевті еске алуға арналып отыр.

РКС: Елімізде дзюдо күресінің өркендеуіне үлесін қосқан Вячеслав Кащевцевті көпшілік жақсы біледі. Көзі тірісінде көптеген шәкірт тәрбиелеп, өңірдің спорт және дене шынықтыру саласының дамуына өзіндік үлес қоса білген. Осындай ардақты бапкерді еске алып, аймақта дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында облыстық жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде өтуде. Бұл спорт түріне қызығушылық жыл сайын артып келеді дейді спорт саласының мамандары. Жарыстың бас төрешісі сайысқа келген балуандардың дайындығын жоғары бағалады.

СНХ: ЕРЖАН БАЙЖҰМАНОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Дайындықтары жайлы айтатын болсам, техникалық, тактикалық дайындықтары өте жақсы. Солтүстік Қазақстан облыснан келіп отыр және де әрбір ауданнан. Степногорск қаласы өте жақсы дайындықтарын көрсетіп отыр.

РКС: Степногорск қаласынан сайысқа 15 жас спортшы қатысып, шеберліктерін шыңдауда. Бұл күрес додасында бар күш-жігерімізді көрсетіп, жеңімпаз атанып, жерлестерімізді қуанту үшін келдік,-дейді бапкері.

СНХ: НИКОЛАЙ ДУРАЧЕНКО, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ БАПКЕРІ: Осы жарысқа положенияны 2 ай бұрын білдік. Оны таблицаға қостық. Жарыс өте керемет деңгейде өтіп жатыр. Балалар өте жақсы күрестіп жатыр. Бүкіл балалардың дайындығы өте керемет.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен арнайы медальдар табысталды. Енді олар алдағы уақытта республикалық жарыста облыс намысын қорғамақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ