ДИКТОР: 21-ші мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Төл мерекелері қарсаңында ақмолалық азаматтарды облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтады. Бұл күні талантымен танылған әртістер мен музыканттарға, кітапхана және мұражай қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері, Алғыс хаттар және Құрмет грамоталары табысталды.

ИНТЕРШУМ: әннен үзінді

РКС: Мәдениет саласының қызметкерлері айналасын думанға бөлей білетін, сан-қырлы талант иелері. Бүгін мына залға нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар жиналды. Бірі көп жыл бойы сахнада түрлі жанрдағы рөлдерді сомдаса, енді біреулері жастардың рухани баюына септесетін мұражай кітапхана қызметкерлері. Бәрі де мәдениет саласы мамандарының төл мерекелерін атап өтпек. Осынау маңызды күні өнер адамдарын облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. 21-ші мамыр өнер адамдарына деген айырықша құрметтің белгісі және әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Сіздер Ақмола облысының мәдени-рухани дамуына үлкен үлес қосып келесіздер.

РКС: Мәдениет – ел мәйегі. Мемлекеттілікті айшықтайтын ең басты факторлардың бірі. Сондықтан да өнерін сүйген, өнерпазды мәпелеген елдің мәртебесі қашан да биік саналады. Сол себепті, дәл осы күні өңір басшысы мәдениет саласының бірқатар азаматтарына марапат табыстады.

ИНТЕРШУМ: марапаттау рәсімінен үзінді

РКС: Айта кетейік, бұл күні 5 адам Құрмет грамотасымен, 6 маман алғыс хатпен марапатталды. «Мәдениет саласының үздігі» белгісі 15 ақмолалыққа бұйырды.

СНХ: ЕРЖАН ӘУБӘКІРОВ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Театрда негізі жұмыс істеп келе жатқаныма 20 жыл болды. 2004 жылы театрдың жаңа ғимараты ашылғаннан бастап сонда жұмыс істеп келе жатырмын. Қазір труппа меңгерушісі болып қызмет атқарамын. Бүгін мәдениет саласының барлық қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймын.

СНХ: ВАСИЛИЙ ГРЕЧАННИКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Бүгін өте ерекше күн. Мәдениет саласы қызметкерлерінің ортақ мерекесі. Біздің жұмысымыз жоғары бағанғанына ризамын. Барлық ақмолалықтарды төл мерекелерімен құттықтаймын. Зор денсаулық, бақыт және шығармашылық табыс тілеймін.

СНХ: ОКСАНА НАУМЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ: 10 жыл бұрын Ақмола облысына орыс драма театрының шақыртуымен келгенмін. Болашақ жұбайымның қол астында жұмыс істедім. Енді міне, 10 жыл бойы бірге қызмет атқарып келеміз. Бүгінгі марапатым мен үшін ерекше. Бұл белгіні абыроймен, мақтанышпен тағып жүремін.

РКС: М.Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Қуаныш Оспан да «Мәдениет саласының үздігі» төбелгісімен марапатталды. Сахнада айтыскер ақын ретінде өнер көрсетіп, мәдениет үйінде қызмет атқарып, музей мен кітаханада еңбектеніп жүрген өнер иесі. Бүгінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Мәдениет саласындағы еңбек өтілі 20 жылдан асып барады.

СНХ: ҚУАНЫШ ОСПАН, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Осы марапатқа лайық көрген адамдарға рахмет айтамын. Жалпы, қазақтың мәдениеті, мәдениет саласы бүкіл әлемге тарап, бүкіл әлемді талғандырады. Қазақ мәдениеті қазақтың жері сияқты кең, өте терең. Соны тек насихаттай білуіміз керек.

РКС: Айта кетейік, қазір облыс бойынша 3 мыңнан астам адам мәдениет саласында қызмет етуде. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

ИНТЕРШУМ: концерттен үзінді

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ