ДИКТОР: Бұланды аудандық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің ауыр атлеттері 7 жылда ауыз толтырып айтарлық жетістікке кенелді. Бұл – бапкерлердің тынымсыз еңбегі, шәкірттердің зілтемір көтеруге деген құлшынысынан туған спорттық табыс.
ИНТЕРШУМ:
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Санаулы жылдарда екі спорт шебері, 16 спорт шеберлігіне үміткер дайындалды.
РКС: Балалар спорт мектебінде екі бапкердің қарамағында 108 шәкірт ауыр атлетикмен тұрақты айналысады. Олардың баасым бөлігі – Макинск қаласы мектептерінің оқушылары.
СНХ: МАРАТ МӘЛІКОВ, БАПКЕР: Соңғы жылдары біз үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүрміз. Шәкірттерім – Лидия Далматова ел чемпионы болды. Ермахан Сұлтанов қола медаль жеңіп алды. Қазіргі таңда 2011 жылы туған жасөспірімдерді Атырауда өтетін ҚР чемпионатына дайындап жатырмыз.
РКС: Аядай ғана ауыр атлетика залында жаттығу бір сәтке де босамайды. Спорттың осынау түріне нәзік жандылар да көптеп келуде.
СНХ: МИЛАНА БОЛАТОВА, АУЫР АТЛЕТШІ: Менің ауыр атлетикаға келгеніме бір жыл. Бапкерім – Валерий Утешев. Әпкем де спорттың осы түрімен айналысып көптеген жетістіктерге жетті. Осы залда ересек ұл-қыздар біз сияқты мектеп оқушыларына ақыл-кеңестерін береді.
СНХ: АРАЙ БАТЫРХАНОВА, АУЫР АТЛЕТШІ: ҚР чемпионатына дайындалып жатырмыз. Бапкерім – Марат Мәліков ағай. Жаттығуда төккен тер алдағы жарыста жеңіске жеткізеді деп сенемін.
РКС: Алыптар ауылдан шығады деген осы емес пе?! Бұландының бұла күші бұлқынған ауыр атлеттері Атырауда өтетін ел чемпионатынан медальмен оралуды мақсат тұтқан.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ,САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ.