ДИКТОР: Көкшетауда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жастар ресурстық орталығы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұл шара жастарға алғашқы жұмыс орнын табуға, кәсіби кеңес алуға және жұмыс берушілермен тікелей тілдесуге мүмкіндік берді.
РКС: Ұйымдастырушылар қаланың жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарын бір алаңға жинап, жастарға еңбек нарығындағы алғашқы қадамдарын жасауға жәрдемдесті. .
СНХ: МАҚПАЛ ЖАНАРЫСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ КЕҢЕС БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жыл басынан бері бірнеше мәрте осындай жәрмеңке ұйымдастырдық. Бұл Көкшетау қаласының жастарына арналған ашық жәрмеңке, онда түрлі бос жұмыс орындары ұсынылды.
РКС: Шараға 20-ға жуық ұйым қатысты. Олар кәсіпорындардағы бос жұмыс орындарын ұсына отырып, қызметке қабылдаудың талаптарын, жұмыс кестесін егжей-тегжейлі түсіндірді. Жәрмеңке барысында жұмысшы мамандықтарынан бастап полиция қызметіне дейінгі сұранысқа ие барлық сала қамтылды.
СНХ: ҚАНАТ БІЛӘЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз өз тарапымыздан жастарға полиция қызметіне қабылдаудың тәртібін түсіндірдік. Сауалдарына жауап бердік. Шара 35 жасқа дейінгі жастарға бағытталған. Бізде патрульдік полиция батальондарына және инспекторлық құрамға қызметкерлер қажет.
РКС: Алдағы уақытта мұндай шаралар тұрақты түрде өткізілмек. Себебі жастардың жұмысқа, әсіресе мемлекеттік қызметке қызығушылығы артып келеді, ал облыс бойынша білікті мамандарға деген сұраныс әлі де жоғары.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ КАИРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ