ДИКТОР: Әскери қызмет – мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Әскери ант жалпы бір-ақ рет беріледі және Отан қорғау ісін таңдап алған азамат оған өмір бойы адал болуға тиіс. Осы тұрғыдан алғанда басқаларға үлгі-өнеге болатұғын, үлкен құрметке лайықты отандастарымыз баршылық. Соның бірі және бірегейі – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, отставкадағы полковник Амангелді Теміржанұлы Жантасов.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Мыңдаған қазақстандық жастың өмір жолын күрт өзгерткен соғыс. Солардың бірі – бүгінде бейбіт өмірдің сақшысы, отставкадағы полиция полковнигі –Амангелді Жантасов. Ауғанстанға интернационалдық борышын өтеуге аттанған Амангелді Жантасов ел тілеуінің арқасында туған жеріне абыроймен оралды. Жас жауынгердің жаны от пен оқтың арасында шыңдалды. Майдан даласындағы ерлігі үшін бірнеше Қызыл Жұлдыз, Құрмет ордені секілді жауынгерлік медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, Амангелді Жантасов Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуына да зор еңбек сіңірді. Оның жеткен жетістігі әр ауылдасы мен жолдастары үшін үлкен қуаныш, абырой.
СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Өзі әскери боламын деп армандапты. Жас күнінен бала кезінен. Ауған соғысын өтті. Өте жақсы азамат, үйленді. Балалы-шағалы болды. Әскерден, Ауған соғысынан әйтеуір аллаға шүкір аман-есен келді. Содан кітап жазды. Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған. Ол жай беретін емес,үлкен соғыста жүретіндерге ғана беретін-ді. Бейбітшілік уақытта келіп, Құрмет орденін алды. Ол бәрімізге қуанышты. Амангелдімен біз мақтанамыз.
РКС: Амангелді Жантасовтың жүріп өткен өмір жолдарына көз жүгіртсек, ғибрат алар істері жеткілікті екенін байқаймыз. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де тартынып қалмай, жауапкершіліктен қашпай, қоғам ісіне араласып, жеке басының қасиетімен дараланып, өзін әлі саптағы жауынгердей сезінеді. Полиция қатарында қарапайым қызметкерден бастап, полковник шеніне дейін көтерілді. Әріптестері оны әділ басшы, темірдей тәртіптің жақтаушысы ретінде сипаттайды. Бүгінде ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің мүшесі. Жастармен жиі кездесіп, тәрбиелік маңызы зор кездесулер өткізеді. Оның өмір жолы – болашақ ұрпаққа үлгі. Кездесуге алғашқы ұстазы да арнайы қонақ ретінде келіпті.
СНХ: КҮЛӘШ ТЕМІРБАЕВА, ҰСТАЗЫ: Бүгін өте жақсы күн. Біздің оқушымен, Амангелді Жантасовпен кездесу. Мен мектеп директоры болдым 30 жыл. Амангелді біздің мектептен аттестат алып шыққан.Сосын училищеде болған. Соғыста болған. Біздің үйге де келген, көп кітап жазған. Біз өте қуанамыз.
РКС: Амангелді Жантасовтың «Жартасты жастанған жасағы» еліміздің Совет кезеңіндегі Ауған соғысы жағдайындағы жасақ тарихы. Басын қауіп-қатерге тіге жүріп, қарулас жауынгерлердің батырлық істерін қойын дәптеріне жазып қоюды әдетіне айналдырған. Елге оралғаннан кейін «Жартасты жастанған жасақ» кітабын екі тілде жазып шыққан. Соғыстан аман оралған соң, ол қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етті.
СНХ: БАҚЫТ ШЫЛЫМОВ, АҒАСЫ: Бір ауылда,бір елде әке-шешелерімен, аталарымен араласып өскен жанұямыз. Амангелді көп жылдар еліміздің Қарулы күштеріне қызмет етіп, ардагерлік жасқа келіп, пенсияға шықты. Енді бүгінгі өтіп жатқан кеші 70 жасқа келіп өзімізден аздап кіші болса да, бірге өскен баланың осындай дәрежеге жеткеніне біз өте қуаныштымыз. Еліміз қадірлеп, еліміздің Қарулы күштері қадірлеп осылай өткізіп жатыр.
РКС: Әсілінде, әрбір адам ғұмырының тарихи маңызы оның Отанға еткен еңбегімен, адамгершілік азаматтығы – оның патриоттық күшімен өлшенеді. Амангелді Жантасовтың шығармалары дәл сондай туынды. Олардан ел мен ер – егіз ұғым екенін аңғарамыз. Батырлық пен адалдықтың жарқын бейнесі Амангелді Жантасов сынды ардагерлер ешқашан естен шықпайды. Кеште әсем ән де, суырып салма жыр да тарту етілді.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ