ДИКТОР: Алдағы 5 жылда Бурабай курортты аймағына 140 миллиард теңгеден астам қаржы салынады. Оның тең жартысы жеке инвестиция. Қаржы Щучье, Қатаркөл және Жөкей көлдері мен «Ақ бура» демалыс аймағының жаңа локацияларын игеруге және инфрақұрылымдарын жақсартуға бағытталады. Щучье-Бурабай курортты аймағын 2029 жылға дейін дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру және жазғы туристік маусымға дайындық мәселелері дөңгелек үстел басындағы кездесуде талқыланды.
РКС: Бурабай — Ақмола өңірінің басты курортты аймағы. Сонымен қатар еліміздегі жетекші туристік орталықтардың үштігіне енген. Жыл сайын мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден 1 миллионнан астам қонақ келеді. Щучье-Бурабай курортты аймағын 2029 жылға дейін дамыту жөніндегі кешенді жоспары мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бекітілді. Аймақта туризмді кеңейтуге Үкімет тарапынан да қолдау бар. Кеңеске облыс әкімі Марат Ахметжанов пен туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.
СНХ: ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ – ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: Курорттық аймақта туризмді теқ жазғы демалыста ғана емес, қыста да дамытуға мүмкіндік бар. Оған қажетті ерекше табиғи және мәдени ресурстар жеткілікті. Туристердің өсуімен экология және инженерлік желілерге де жүктелі артатыны сөзсіз. Осыған байланысты, Кешенді жоспар шенберінде экология, ... даму, желілердің және көлік инфрақұрылымының кеңейту жұмыс орындарын құру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүрі сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.
РКС: Маусымның қызған шағында курортты аймаққа 15 мыңнан астам көлік кіріп-шығады. Сондықтан кешенді жоспарда қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін туризмді дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, қала тұрғындары, сонымен бірге шетелдіктер үшін агроауылдық туризм жоғары сұранысқа ие. Бурабай ауданында Соколовтар отбасының ірімшік қайнататын зауыты мен «Aqmaral» орман фермасы кеңінен танымал.
СНХ: ХАЛИДА ТӨЛЕГЕНОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРО ЖӘНЕ АУЫЛ ТУРИЗМІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Турист агроауылдық турға келген кезде осы салаға қатысты қызметтің барлық түрі алады. Ол сол өңірдің өміріне етене араласып кетеді. Сондықтан агротуризмді дамыту керек. Біз ауылдарды дамытудығ кластерлік әдісін ұсынаамыз. Әсіресе осы Щучье-Бурабай курортты аймағында. Өйткені бұл өте маңызды. Негізгі курортты аймақтың жүктемесін азайтуымыз керек. Егер біз жақын маңдағы ауылдарды дамытсақ, туристердің басым бөлігі сол жерлерге ағыла бастайды. Ауылдықтар да пайда табады. Яғни агротуризм арқылы ауылдық аумақтарды дамытуға жол ашылады.
РКС: Бурабай аймағында жазғы туристік кезең ресми түрде маусымның 7-де ашылады. Жоспар ауқымды. Дәл осы күні олимпиадалық даярлау орталығында «BuraVibe» фестивалі өтеді. Бурабай – Щучинск – Қатаркөл бағыты бойынша тікұшақпен экскурсия жасау іске қосылады. Курорттың әлеуеті маусымдық демалыспен шектелмек емес. Биыл 30 адамды қамтитын ірі 25 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұның басты мақсаты: Бурабай курортының кешенді жоспарын әрмен қарай іскер асыру. Оның шеңберінде бізмына Конгресс центрді салуды жоспарлап отырмыз. Оның басты мақсаты осы Бурабай курортында әртүрлі іс-шараларды жаз болсын, қыс болсын өткізу. Халықаралық спорттық турнилер болсын, мәдени концерттер болсын және де корпоративтік іс-шаралар болсын барлығы осы жерде курорттық Бурабабйда өткізуге жағдай жасайтын болады. Ол Астанадағы әртүрлі мекемелер болсын, мемлекеттік және жекеменшік үлкен шараларды осы жерде халықаралық деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Бірлесе осы шараларды ұйымдастыратын боламыз.
РКС: Жиын барысында аймақтағы туризм саласының өкілдері өз ойларымен бөлісті. Атап айтқанда табиғатқа рекреациялық жүктеме мен көлік инфрақұрылысының көптігі мәселелері көтерілді. Оның шешудің жолдары қарастырылп жатыр. Жобада курортты аймаққа кіре берісте жолдан ұстап қалатын көлік қоятын орын бар. Бұдан бөлек, көліктің экологиялық түрлеріне де қолдау көрсетіледі. Бірақ, жаңашылдықты қабылдаған кезде ең алдымен жергілікті тұрғындардың пікірі ескерілуі керек,- деп атап өтті аймақ басшысы.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі таңда мынау тек қана демалыс көркем, сұлу табиғатты көзбен көру емес, ауасын жұту ғана емес, бұл жерге келгенде осы халық, ел туралы үлкен бойына жақсы құнды қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік жасауымыз керек. Ол жанағы айтқан тарих, ол біздің дәстүрімізді, мәдениетімізді, тілімізді бәрін көрсетіп, осы жерге қандай міне қазақ халқының келбетін, қонақжайлылығын көрсету. Дана халқымыз айтады ғой «Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады» деп. Сол ең бастысы кір берістен, дәретханамыздан, тамағымыздан бастап, қабағымыздан бастап, бәрін осы көрсетіп, мәдени дәстүрлі қазіргі замандарда дүниежүзілік стандарттарға сай болуымыз керек.
РКС: Кеңес соңында аймақ басшысы бүгін қабылданған шешімдер алдағы жылдары курортты аймақты және тұтастай алғанда туризм саласын тиімді дамытуға ықпал ететінін айтты.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ