ДИКТОР: Бірыңғай тәрбиелік орта: әр балаға арналған жаңа мүмкіндіктер. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке жасы толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы дәл осындай тақырыпты арқау етті. Шараға комиссия төрағасы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтпаев қатысты. Тақырып бойынша арнайы шақырылған қонақтар өз ойларын ортаға салды.

РКС: Бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес еліміз бойынша отбасын қолдайтын 112 орталық 34 мың адамға жәрдемдескен. Қазір 2 мыңнан астам отбасы әлі де орталықтың қамқорлығында. Олар үшін мемлекеттік қолдау шараларымен оны жүзеге асырудың мерзімі көрсетілген жекелеген жоспарлар дайындалып, бекітілді. Былтыр мәдениет және ақпарат Министрлігі пилоттық жоаны қолға алды. Оған сәйкес некеге тұруға өтініш берген азаматтар отбасын құру, отбасылық психология, рперодуктивті денсаулық, отбасылық бюджет және өзге де маңызды тақырыптар бойынша тегін оқытылады, кеңес те тегін беріледі.

СНХ: ҚАЙРАТ ҚАМБАРОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Министрлік отбасы мен некені сақтау және нығайту жөніндегі 25-27 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Іс-шаралар жоспары аясында мектептерде, отбасы тәрбиесі бойынша, оның ішінде бәрімізге мәлім біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде отбасылық өмірге дайындық негіздері бойынша оқыту ұйымдастыру қарастырылған. Сонымен қатар, отбасылық өмірге дайындық мақсатында жоғары оқу орындар мен колледждерде білікті тренерлерді курстар енгізу жоспарлануда.

РКС: «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының төрайымы Нұргүл Үлжекова мүмкіндігі шектеулі балаларға назар аудару маңызды деп есептейді. Ероекше баланы спорт арқылы қоғамға тезірек бейімдеуге болады дейді ол. 2017 жылы еліміз бойынша алғаш рет әлеуметтік жоба қолға алынды. Оның аясында ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бейімді спорттық секциялар ұйымдастырылды.

СНХ: НҰРГҮЛ ҮЛЖЕКОВА, «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Біз қоғамның, ата-аналардың, ерекше және дені сау балалардың санасын өзгерттік. Ерекше балалар сау және түрлі диагноз қойылған балалармен бір топта бірге жаттыға алады. Бөлек-бөлек топта емес, дәл осылай топтасқанның өзі нағыз инклюзия. Қазір Қазақстанның 23 қаласында спорттың 11 түрі бойынша тегін спорттық секция желісінің негізін қаладық. Бұл біздің жұмысымыздың нәтижесі. Адаптивті каратэ, адаптивті таеквандо, адаптивті футбол, пионербол сынды спорттық секцияларды алғаш рет енгіздік.

РКС: Отбасы институтын нығайту, балалар құқығын қорғау, сапалы білім мен тәрбиені қамтамасыз еті, өмір сүру үшін қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Еліміз бойынша отбасыларға, оның ішінде осал топтарға мемлекеттік қолдау көрсетуге қатысты нақты шаралар қабылдануда.

ТОҒЖАН БӘЙМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ