ДИКТОР: Әрбір нәтиже үшін дәлдік, ұқыптылықпен қатар үлкен жауапкершілік қажет. 15 жыл бойы химиялық талдау лаборанты қызметін ақтарып жүрген Елена Мухина өнеркәсіп өнімдерінің сапасына тікелей жауапты.

РКС: Күн сайын оның жұмысы үстіне ақ халат, көзіне арнайы көзілдірік киіп, зертханаға келіп түскен әр затты дәлдікпен саралайды. Оның жұмысына көп нәрсе байланысты. Елена Мухина – химиялық талдау зертханашысы. 15 жыл бойы ол кәсіпорынның жоғары сапалы өнім алуына зор үлес қосып келеді. Материалдардың құрамы мен параметрлерін тексереді.

СНХ: ЕЛЕНА МУХИНА, ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЛАБОРАНТЫ: Маған жұмысым қатты ұнайды. Білімім бойынша химия-биология пәнінің мұғалімімін, біздің Шоқан Уәлиханов атындағы педагогикалық институтты бітіргенмін. Жұмысым өте қызықты. Бір орында отырмаймыз, кеңсе жұмысы емес. Үнемі қозғалыстамыз. Әулетімізбен осы саладамыз. Өйткені, әкем осы ұйымда 40 жылдан астам еңбек етті. Өткен жылы ғана зейнеткерлікке шықты.

РКС: Әрбір сынама оның қолынан өтеді. Зертханашы жай ғана өлшеу жүргізбейді – талдайды, салыстырады, растайды. Елена Мухина ондаған әдістерді меңгеріп, жаңа тәсілдер енгізіп, жас мамандардың кәсіпке бейімделуіне жәрдемдесіп келеді. Оның қолынан мыңдаған сараптама шықты, күні бүгінге дейін бірде-бір шағым болған емес.

СНХ: ТАТЬЯНА ШУШКОВСКАЯ, ЕЛЕНАНЫҢ ӘРІПТЕСІ: Елена Мухинамен 10 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Қызметкер ретінде ол өзін тек жақсы жағынан көрсетіп жүр. Жауапкершілігі мол. Егер мен әлденені аңғармай қалсам, ол бірден байқап қалып, әрі қарай қостап әкетеді. Ауысымды үнемі қадағалап отырады. Біздің жұмысымыз өте жауапты. Сандардан жаңылмау керек. Реагенттермен жұмыс істейміз. Еленадан кейін қайта тексерудің қажеті жоқ. Ол өзімен бірге жұмыс істейтін зертханашыларды да қадағалайды.

РКС: Зертханадан тыс Елена - қамқор ана. Жұмыстан кейін отбасымен қыдырып, жақындарына арнап тәтті пісіріп, шаңырағын шаттыққа бөлейді.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРГАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨРЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ