ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес аймақта ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және елді мекендерді газдандыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Биыл облыс көлемінде орталықтандырылған газбен қамтамасыз етуге қатысты 12 жоба жүзеге асырылды. Енді Шұбар ауылы да - өңірдегі табиғи көгілдір отынға қосылған ауылдардың қатарын толықтырды. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Целиноград ауданына қарасты Шұбар ауылының тұрғындары үшін бүгін ерекше күн. Елді мекенге көптен күткен газ жеткізіліп, ауыл инфрақұрылымында жаңа кезең басталды десек болады. Жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасының аясында жүзеге асырылды. Салтанатты іске қосу рәсіміне облыс әкімі Марат Ахметжанов арнайы келіп, жергілікті жұршылықты құттықтады. Ол бұл әлеуметтік жоба - халықтың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, ауылдың даму қарқынына серпін беретінін атап өтті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл өте бір қуанышты жағдай. Бұл Президентіміздің халықтың тұрмысын жақсартуда жасалып жатқан жобалар. Оның аясында Целиноград ауданының екінші ауылына газ беріп жатырмыз. Тағы да жобалар бар. Қоянды ауылын, Целиноград ауданында биыл тағы 6 елдімекен газға қосылады. Жоспар бойынша Қосшы қаласы. Халықтың қуанышына көзіміз жетіп отыр. Бұл тек қана үйлерді қамтып, жылытуға ғана емес, өндірістерді ашуға, жұмыс орнын жасап, инвесторларды шақыртып, осы ауылдарды жандандырып, ауылдарға бір жаңа екпін беретін жағдай туғызу осы газдың арқасында.
STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Айта кетейік, Шұбар ауылы «Сарыарқа» газ құбырына қосылған. Ауылішілік газ желілерінің жалпы ұзындығы 56 шақырым. Қазіргі таңда 400-ге жуық үй газ қабылдауға дайын.
СНХ: САНЖАР ЖӘРКЕШОВ, «QAZAQGAZ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Жалпы, осы Шұбар ауылын газдандыруға бағытталған жобада 75 шақырым құбыр бар. Және де осы ауылдың ішінде 400 үй бар. Шамамен екі мың адам тұрғын бар. Олардың барлығы газға қол жеткізіп жатыр. Бүгінге дейін осы Ақмола облысында Целиноград ауданында және Аршалы ауданында 17 елдімекен газға қосылды. Үлкен жұмыс атқарылды. Жалпы газдандыру мәселесі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі және халқымыздың әл-ауқатын жақсартатын үлкен қадам. Сондықтан «QAZAQGAZ» ұлттық компаниясы өңірлер бойынша осы мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда үлкен жұмыс атқарып жатыр.
РКС: Әйгерім Бисенбаева көпбалалы ана. Оның үйі алғашқылардың бірі болып орталықтандырылған көгілдір отынға қосылды. Игі бастаманың аясында облыс әкімі Марат Ахметжанов арнайы келіп, отбасының қуанышына ортақтасты.
ИНТЕРШУМ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Төрт балапандарыңыз бар екен. Осы балалардың игілігіне, қызығына пайдаланыңыздар. Сізге де, міне, біздің келінге де бір оңтайлы болады ғой. Бұрын енді көмірмен жағып отырдыңыздар ма? Қазір міне, қаладан ешқандай кем емес.
СНХ: ӘЙГЕРІМ БИСЕНБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін көптен күткен ұлы той үйімізде, ауылымызда, Целиноград бойынша бірінші запуск біздің үйде беріліп отыр. Өте қуаныштымыз. 2018 жылдан бастап осында тұрып жатырмыз. Үйді өзіміз салып, осы күнге дейін өзіміз пеш жағып келдік. Оған қаншама қаражат кететін, 10 тоннадай көмір жағатынбыз. Қазір енді газ қосылып, қалалық өмірден еш айырмашылық болмайды. Ауылымыздың үлкендері келіп, апаларымыз келіп, құттықтап, шашуын шашып, қуанып жатырмыз. Көптен-көп рахмет, алғысымыз шексіз!
РКС: Ауыл тұрғындары да қуаныштарын жасыра алмады. Ақ жаулықты аналар ақ батасын беріп, алғыстарын білдірді.
СНХ: МАҚПАЛ КӨШЕРБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Шұбар ауылына бүгін көк жалын оты келіп, міне, қуанып жатырмыз. Ауылымыз көркейіп жатыр. Жол салынды, су берілді. Шелек-шелек көмір жағатын едік. Енді жағдайымыз жақсарды. Президентімізге көп-көп рахметімізді айтамыз. Аналар атынан, ел атынан, халық атынан. Басқарып отырған мына сіздерге, әкімдерге алғысымыз шексіз. Аналардың жағдайын ойлап, қамқоршы болып, көп көмек жасап жатырсыз. Көп-көп рахмет сіздерге!
РКС: Сондай-ақ, аймақ басшысы Марат Ахметжанов халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау ретінде 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде газ кіргізуге арналған шығындарды өтеуге жергілікті бюджеттен қосымша 50 миллион теңге бөлінетінін жеткізді. Орталықтандырылған көгілдір отын - тек тұрмыстық қажеттілік қана емес, ауыл тіршілігінің жандануына жол ашатын маңызды қадам. Табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жыл соңына дейін Целиноград ауданы бойынша тағы бірнеше елдімекенде жалғасады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ