ДИКТОР: Бұланды аудандық мамандандырылған балар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жыл озған сайын футболдың бұқаралылығы артып келеді. Бұл – қуанарлық және құптарлық жайт.

РКС: Қыс бойы жабық спорт залда жаттыққан жасөспірім футболшылар жасыл жамылғылы алаңға шығуды асыға күтуде. Макинск қаласында талапқа сай жасыл алаңдар саусақпен санарлық. Сондықтан, футболды жанына серік еткен өрендер кезекпене дайындық жасайды.

СНХ: ОЛЕГ ШАХМАТОВ, БАПКЕР: 6 және 12 жас аралығындағы балаларды жаттықтырамын. Қыс бойы осы жабық залда дайындалдық. Енді газонға шығамыз. Мүмкіндігіміз келгенше жарыстарға барып тұрамыз. Жаз бойы жалықпай жаттығып, шеберлік шыңдаймыз.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Ашық алаңдағы жаттығу санаулы күнде басталады.

РКС: Футболды жанына серік еткен ұландар жаттығуды жазғы демалыста да бір сәтке босатпайды.

СНХ: МҰХАММАД СӘНИҰЛЫ, ФУТБОЛШЫ: Мен футболды жақсы көремін. Ол жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Бапкерім Олег Василиевич – өте талапшыл. Оның айтқанын бұлжытпай орындаймыз.

СНХ: АНДРЕЙ БАРХАТОВ, ФУТБОЛШЫ: Мені футбол үйірмесіне анам алып келді. Оның айла-тәсілдерін меңгеріп келемін. Осы орайда бапкерім Олег Шахматовқа айтар алғысым шексіз.

РКС: Бұланды балалар спорт мектебінде 220 бала доп теуіп жүр. Солардың арасынан теңбіл доп тарландарының шығары шындық.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ.