ДИКТОР: Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Балалар қауіпсіздігі - басты назарда» атты республикалық акциясы өтті. Іс-шарада болып қайтқан әріптесім Тоғжан Байменова айтады.
РКС: Балаларға арналған шарада өрт техникасының көрмесі, суреттер байқауы, ойындар мен тренингтер, аниматорлармен қатар ерекше концерттік бағдарлама ұсынылды. Жалпы, бұл күн балалардың ойын-күлкіге, қызыққа толы мерекесі ғана емес, сонымен қатар, олардың құқығы туралы ақпарат та жан-жақты айтылатын ерекше мереке.
СНХ: ӘДІЛЕТ СЕРІК, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІНІҢ КӨМЕКШІСІ: Және өрт техникасы мен бірге өрт техникалық жарақтар апатты құтқару қондырғылары, құрал-жабдықтары көрсетілген. Және барша қызметкерлер өздерінің жұмыстары мен жалпы күнделікті жұмыстағы іс-қимылдарымен бөлісіп жатыр. Сонымен қатар бүгінгі іс-шарада апатты медициналық орталығының психологтары да қатысуда. Жедел құтқару жасағының кинологиялық есебі осы жерде, іздестіру-құтқару барысында өзін жақсы көрсеткен білікті құтқарушы иттеріміз де бүгін балалармен бірге танысып, бүгінгі мерекелік іс-шараны жалғастырмақпыз.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Орталық алаңға мерекелік көңіл-күймен асыққан жеткіншектің бірі – Әлен. Ол бүгінгі іс-шараға әжесімен келіпті. Болашақта құтқарушы боламын деген асқақ арманы бар. Ол көрмеге қойылған әр техникаға қызығушылық танытып, ерекше әсер алғанын жеткізді.
СНХ: ӘЛЕН ЖӘНІБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұл іс-шара керемет өтіп жатыр. Көп білім, алып қызықты өтіп жатыр. Мерекелік көңіл-күй өте керемет.
СНХ: БАЛҚИЯ ӘБІЛҚАСЫМОВА, ӘЛЕННІҢ ӘЖЕСІ: Маған бәрі ұнап тұр. Мына балам кішкене болсын өмірде батыл болсын деп, әдейі осындай жерге әкеліп тұрмын. Ұйымдастырушыларға көп рахмет. Былай қарағанда бұл біздің келешегіміз. Менің үлкен балам осындай өрт сөндіру қызметінің маманы болсын деп ойлаған едім. Ол болмай қалды. Енді сол немеремді әдейі әкеліп отырмын. Адамды құтқару ол Алланың бізге берген парызы ғой. Балапаным осыларға қарап, алға батыл болып ұмытла берсін деймін.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Балалар еліміздің болашағы, өміріміздің жалғасы. Оларды түрлі оқыс оқиғалардан, төтенше жағдайлардан қорғау тек қана құтқарушы қызметкерлерінің міндеті емес, бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл жолғы балаларды қорғау күні өзгеше өтпек. Мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған әрбір шара балалар алдындағы ересектердің жауапкершілігін одан сайын нығайта түсетіні сөзсіз.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨРЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ