ДИКТОР: Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық дайындық орталығының материалдық базасы оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бейімделді. ҚР-ның Ұлттық құрамасының боксшылары осынау мүмкіндікті тиімді пайдалануда.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Бурабай баурайында еліміздің кілең мықты боксшылары оқу-жаттығу жиынынан өтуде.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҚАЙРАТ СӘТЖАНОВ, БОКСТАН ҚР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАПКЕРІ: Таңертең тауда, таза ауада жүгіріп, физикалық жағынан шыңдаламыз. Бурабайдың ауасы – керемет! Жергілікті мықты боксшылар – Теміртас Жүсіпов, ағайынды Қабдешевтер Ұлттық құраманың сапында жаттығуда. Сондай-ақ, осы жерде әлемге танымал Сәкен Бибосынов, Теміртпас Жүсіпов. Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов, Сағындық Тоғамбай, Ақалық Сабыржанов сияқты танымал боксшылар бар.

СНХ: СЕРІК ӘШКЕЕВ, БАПКЕР: Жамыбл облысынан 3 оқушым оқу-жаттығу жиынынан өтіп жатыр. Бір шәкіртім Голландияда өтетін турнирге барады. Екі бала Түркістанда өтетін студенттер ойындарына қатысады. Бурабайда бірінші рет болуым. Саф ауасы спортшылар үшін керемет!

РКС: Біз болған күні Ұлттық құраманың боксшылары дене қимылдарын жасап, бойларын ширатып, қап соқты. Бапкерлердің өзге де тапсырмаларын орындап, маңдайларынан моншақтап тер ақты.

СНХ: ТИМУР ҚАБДЕШЕВ, БОКСТАН ҚР ЧЕМПИОНЫ: 2-3 күн болды оқу-жаттығу жиыны басталғалы. Ол масусымның 9-ына дейін болады. Голландияда Халықаралық турнир өтеді. Бірнешеуі соған дайындалып жатыр. Біз де маңдай тер төгіп дайындалудамыз.

СНХ: АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Оқу-жаттығу жиыны өте жақсы өтуде. Алда жауапты турнирлер бар.. Еліміздің намысын лайықты қорғаймыз.

РКС: Танымал боксшы Сәкен Бибосынов жарақатынан кейін бабына келе бастағанын жеткізді.

СНХ: СӘКЕН БИБОСЫНОВ, ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНҢ ЖҮЛДЕГЕРІ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Жарақаттан соң үш ай демалдым. Алғашқы оқу-жаттығу жиынын Ресейдің Кисловодск қаласында өткіздім. Хабаровскіде болған турнирде бірінші орын алдым. Бүгіндері Бурабайда таза ауа жұтып, бойымды сергітіп жатырмын. Алдағы жарыстарда жеңіске жетіп, жанкүйерлер сенімінен шығамын.

РКС: ҚР Ұлттық құрамасының боксшылары алдағы бірнеше күнде Бурабайдың самалын жұтып, таулы-тасты жерлермен жүгіріп, жеңісті жолдарын жалғастырады.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ. КӨКШЕ АКПАРАТ