ДИКТОР: Атбасар қаласындағы ТД-20 депосында Мақатовтар отбасының үшінші өкілі табысты еңбек етіп келеді. Дәурен Тукунов атасы Дулат пен әжесі Күлнәзия Мақатовтардың еңбек жолын жалғастыруға шешім қабылдап, осы салада 2008 жылдан бері тепловоз машинисі болып жұмыс істеп жүр.
РКС: Атбасар қаласындағы бұл депо 1940 жылы құрылды. 85 жыл ішінде бірнеше жұмысшы әулеті еңбек етіп келеді. Солардың бірі Мақатовтар әулеті. Немересі Дәурен Тукунов еңбек жолын 17 жыл бұрын тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастаған.
СНХ: ДӘУРЕН ТУКУНОВ, ТЕПЛОВОЗ МАШИНИСІ: Біз станция бойынша пойыздарды жасақтаймыз. Вагондарды тұйықтарға жібереміз. Тиелген вагондарды жөнелтіп, бостарын шойын жолға қойып,реттеп отырамыз. Бастапқыда қиын болатын, уақыт өте келе бәріне үйрендік. Өзім теміржолдан басқа еш жерде жұмыс істеп көрген жоқпын. Мектепті бітіріп, әскерге кеттім. Әскерден кейін осында жұмысқа орналастым. Басқа жұмыспен салыстыруға мүлдем келмейді. Үйленгенмін, 2 ұлым мен қызым бар. Үшеуінің біреуі менің жолымды жалғастыртын шығар деп үміттенемін.
РКС: Дәурен Тукунов 2014 жылы тепловоз машинисі болу үшін алдымен курстан өтіп, бір жылдан кейін ғана жұмысқа кірісті. 2023 жылы қараша айында тепловоз машинисінің 2 санатын алды. Дәуреннің ағалары да депода электровоз және тепловоз машинистері болып жұмыс істейді.
СНХ: ЕРБОЛ ТАСҚЫНБАЕВ, ТД-20 ДЕПОСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жұмыста өзін жауапты, ұқыпты, тәртіпті жұмысшы ретінде көрсетіп келеді. Жұмысына қатысты еш шағым жоқ. Біздің депода бірнеше ұрпақ жылдар бойы жұмыс істеп жүр. Біздің жұмыстың басты ерекшелігі осында деп айтуға болады.
РКС: Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашан да құрметке лайық. Біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік қасиеттер өте жоғары бағаланады. Тукуновтар әулеті сынды өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұрпақтар сабақтастығын үзбейтіні сөзсіз.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.