ДИКТОР: Ерболат Бегалин алтын өндіретін зауытта 20 жылдан бері тас үгітуші болып еңбек етіп келеді. Бір қарағанда, бұл жұмыс шаң-тозаңға көмілетін әрі үнемі құлақ бітелетіндей шуға толы жұмыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ, дәл осы жұмыс ең бағалы. Өйткені дәл осы жерден қымбат металға апарар жол басталады. Сондықтан Ерболаттың еңбегі алтын өндіру процесіндегі маңызды қадам саналады.

РКС: Бұл зауытқа жеткізілген кез келген тас – алтынға бергісіз. Металл зертхана мен байыту цехына жетпей тұрып, алдымен мұқият дайындалады. Дәл осы жұмысты 20 жылдан бері тәжірибелі тас үгітуші Ерболат Бегалин атқарып келеді.

СНХ: ЕРБОЛАТ БЕГАЛИН, ТАС ҮГІТУШІ: Мен еңбек жолымды химиялық өңдеу цехынан бастадым, кейін жаңа зауыт салынғанда достарымның кеңесімен зертханаға ауыстым. Маған ұжым ұнады, жалақысы да жақсы. Жұмысым өзіме ұнайды. Жаңа келгендерге қиындықтар болмас үшін бізде тәлімгерлік бар. Жас маман тәжірибелі жұмысшының жанына бекітіледі. Мұнда менің екі бауырым да жұмыс істейді. Бірі жөндеу-мамандандырылған цехта, екіншісі мен сияқты тас үгітуші.

РКС: Тас үгіту цехы - зауыттың негізгі жұмысы. Мұндағы шу да, шаң-тозаң мен қайнап тұрған температура да Ерболат үшін үйреншікті орта. Ол - тек өз ісінің шебері емес, сонымен қатар жас мамандарға бағыт беретін тәлімгер. Техникамен жұмыс істеуді ғана емес, оны жылдам меңгеруді де үйретеді. Әріптестері оны сабырлылығы, кәсібіне деген шынайылығы үшін құрметтейді.

РКС: АЙБЕК СМАҒҰЛОВ, ӘРІПТЕСІ: Біздің ауысымның бригадирі ретінде Ерболат туралы жауапкершілігі жоғары қызметкер деп айта аламын. Жұмысын талапқа сай, барлық ережелер мен регламенттерге сәйкес орындайды. Техника қауіпсіздігін қатаң сақтайды. Жауапкершілігі мол, үлгілі отағасы, өте мейірімді адам, әрдайым көмек көрсетуге дайын.

РКС: Жиырма жыл бойы өндірістің алдыңғы шебінде жүрген Ерболат Бегалин тек еңбек жолында ғана емес, ел экономикасына да елеулі үлес қосып келеді. Оның еңбегі - байлықтың қарапайым, бірақ сенімді адамдардың қолымен жасалатынының жарқын үлгісі.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ