ДИКТОР: 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Салтанат сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы аясында "Отбасым - бақыт мекенім" атты танымдық шара ұйымдастырды.

РКС: Танымдық шараға отбасылық құндылықтарды берік ұстанып, салт-дәстүрді дәріптеп, ұрпағына тағылымды тәрбие беріп отырған Кәмәриденовтер, Ысқақовтар және Кәкібаевтар отбасы қатысты. Жас та болса, көпбалалы жанұя ретінде үлгі бола білген олар студенттермен отбасылық өмірдегі тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі ананың мейірімі мен әкенің жауапкершілігіне қатысты кеңестерін ортаға салды.

СНХ: ҚУАНЫШ КӘМӘРИДЕНОВ, АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАХИМОВА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ: Биыл міне бізге 21 жыл болды жанұя құрғанымызға. Әр жанұяда әр адамның өзінің ролі бар. Әке ол тірек болса, ана-мейірім болса, бала-үміт. Барлық ата-ана балаларына үміт артады. Сондықтан балаларымызға тек жақсылық тілейміз. Әр қазақтың баласына ата-анасының үмітін арта берсін дейміз. Ең басты байлығымыз жолдасыммен бірге ол-біздің балаларымыз. Ең үлкені 21-де болса, ең кішкентайы бес жаста. Біріншіден, бақытты отбасымыз, екіншіден, өзім өмірдегі талай мақсаттарыма жеткен адаммын. Ол менің әрдайым қолдайтын жолдасымның арқасы. Әрдайым жанымнан табылып, қол ұшын беретін-жолдасым. Жастарға айтарым, ең бастысы әйел мен күйеу арасында -сенімділік болу керек.

СНХ: МИРА ЫСҚАҚОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Міне бүгінгі шараға біздің отбасымызды, құрметтеп шақырды. Жолдасым екеуміздің отасқанымызға 17 жыл болды. Сол бес баланы тәрбиелеп жатқан бақытты жанұямыз. Өмірдің құндылығы, өмірдің мәні де сәні де осы балалар ғой. Сол балалар үшін өмір сүрудеміз. Отбасымыз татулық, берекеге негізделген. Балаларға сен былай істе, сен осындай бол деп ештене үйретпейміз. Өзіміз, әкесі екеуміз үлгі болуға тырысамыз.

РКС: Кездесу барысында қатысушылар "Отбасы құндылықтары дегеніміз не?", "Бала тәрбиесінде ұстанатын қағидалар қандай?", "Үлгілі отбасының сыры неде?" деген өзекті сұрақтар төңірегінде жастармен пікір алмасып, ашық диалог орнатты.

СНХ: АЙЫМ СЕРІКОВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Маған өзіме өте қатты ұнады. Осындай жиын көп болса деп ойлаймын. Себебі осындай отырыстар арқылы адамның өзінің ойы ашылады. Сол арқылы адам өзін дамытады. Және отбасының өзі үшін қандай маңызды екенін түсіне алады. Осы отырыста алған басты түйін, отбасы әр адам үшін әрқашан басты орында тұру керек. Жалпы өте керемет әсер алдым.

РКС: Шараны "Достар" мәдениет сарайының өнерпаздары әсем әнмен әрлеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әннен шашу шашқан өнерпаздар жиынның шырайын келтіріп, ерекше әсер қалдырды.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ