ДИКТОР: Қорғалжынның киелі сахнасында 4 айға созылған «Екі жұлдыз» жобасының қорытынды гала-концерті өтті. Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі гала-концертте оған қатысушылар отандық танымал эстрада жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетті.
РКС: Төрт айға созылған бұл жоба аудан тұрғындарының ерекше қызығушылығын тудырды. Төрт кезеңнің әрқайсысында қатысушылар вокалдық шеберліктерін шыңдады. Гала-концертте 7 жұп еліміздің 7 танымал өнер иесімен бірге ән шырқап, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: БАҒДАТ СӘМЕДИНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Өте жақсы, әсіресе мынау ауыл жастарына ең керегі осындай бағдарламалар, жобалар. Ауылдағы уақытта халықаралық жоба өткіземіз деп отыр. Қорғалжыннан талай кереметтер шыққан. Елді дамытатын сол мәдениет саласы ғой. Спорт, мәдениет ешқашан артта қалмау керек. Алда жүру керек. Сонда жастар да соған тартылады. Енді атақты адамдарды алып келіп, көрсетіп, осылай. Әсіресе жасөспірім осындай болсам екен деп сонда талпынады.
РКС: Жоба барысында бірнеше жаңа ән тыңдарман назарына алғаш рет ұсынылды. Сондай-ақ, аталған жобаны жан-жақты қолдаған отандық эстрада жұлдыздарына ерекше құрмет көрсетілді. Шара ұйымдастырушылары кәсіби өнер иелерінің мәдени-ағартушылық бағыттағы жобаларға белсене атсалысуы зор үлгі екенін атап өтті.
СНХ: ҚАРЛЫҒАШ АББАСОВА, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ОРТАЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ СОЛИСІ: Киелі Қорғалжын жерінде керемет үлкен жоба өтіп жатыр. Қорғалжын елін үлкен қуанышқа бөлеп, қуантып жатыр. Біз де осы жобаға ат салысқанымызға өте қуаныштымыз. Осындай жобаны қолдап жатқан Қорғалжын жерінің әкімдігіне үлкен алғысымызды білдіреміз.
РКС: «Екі жұлдыз» Қорғалжын ауданы тұрғындарының сүйікті жобасына айналып үлгерді. Қарапайым жұмысшыдан киелі сахнаның тарландарына дейінгі өнер иелерін қамтыған байқаудың негізгі ұйымдастырушысы – аудандық Мәдениет үйі.
СНХ: ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, К.КҮМІСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл енді Жұмысшылар жылы болғандықтан, байқауға қатысушылар ішінде заңгерлер де, дәрігерлер де, жастар ресурстық орталығы тағы басқа маман иелері қатысқаны үлкен қуаныш біз үшін. Биыл жоба төрт кезеңді қамтыды. Соның ішінде хит әндер, 80-90-шы жылдардағы әндер сияқты аталып өтті. Жобаға қатысушыларға өзіміздің отандық танымал эстрада жұлдыздары өз бағаларын беріп, жұлдыздарды анықтауға үлкен мүмкіндік берді. Жалпы жобаға қолдау білдірген демеушілерімізге, аудан әкімдігіне үлкен алғысымды білдіргім келеді. Барша жобаға қолдау көрсеткен азамат пен азаматшаларға үлкен алғысымды білдіремін.
РКС: Жоба қатысушылары «Нәтижелі бастама», «Жігерлі жұп», «Көрермен көзайымы», «Креативті жұп», «Қорғалжын жұлдызы», «Талантты жұп» номинациялары бойынша марапатталды. Әрбір номинантқа 200 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал бас жүлде иегерлері атанған Серік Рахметов пен Нұрайлым Бақытова 500 000 теңгенің сертификатын иеленді. Бұдан бөлек әр ауданнан келген қазылар алқасының төрағалары мен мүшелері өз аттарынан да ақшалай сыйлықтар табыстап, қатысушыларға құрмет көрсетті.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ