ДИКТОР: Көкшетаудағы № 4 арнайы мектеп-интернатының тәрбиленушілері жыл сайын оқу жылының соңында есептік концерт береді. Ұстаздар мен арнайы мамандар жыл бойғы балалармен жүргізген жұмысының нәтижесін көрермен назарына ұсынады. Ерекше әсерлі іс-шарада болып қайтқан тілішіміз Тоғжан Байменова жеткізсін.
РКС: Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты мұндай концертті соңғы 11 жыл қатарынан өткізіп келеді. Ерекше балалармен ең алдымен олардың ата-аналары, одан кейін кәсіби мұғалімдер жұмыс істейді. Тәжірибе есту қабілеті нашар балаларды сөйлеуге үйретуге болатынын дәлелдеп отыр. Ең бастысы – жан-жақты дамытуға қажетті жағдаймен қамтамасыз ету және арнайы жаттығулар жасау.
СНХ: АЛТЫН МҰСТАФИНОВА, №4 АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Үлкен сахнаға балаларды шығару, өзінің басқа да құрдастарымен бірге, олармен бірдей екенін дәлелдейді. Бізде пайыз бойынша балалардың 20% естімейді, ал қалғандары 1-2 санаттағылар естиді. Біз ата-аналармен көп жұмыс істейміз. Кейінгі жылдары строительно-технический колледжде сонда швея, аспазшы болатын болса, қазір біздің балалар высший технический колледжде программное обучение, дизайнер маммандығының бірінші выпуск. Мен өзім депутат ретінде, мүмкіндігі шектеулі балаларды, оқу бітірген балаларды жұмысқа орналастырумен біз қазіргі таңда айналысып жатырмыз.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қазір елімізде арнайы білім беруді қажет ететін балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу, сондай-ақ қоғамға бейімдеу бағытында атқарылып жатқан жұмыс ауқымды. Кәсіби мамандарды таңдар алдында арнайы дипломы бар құжаттан бөлек, оларда балаларға деген махаббат пен мейірімділік қасиетінің болғанын қалаймыз,-дейді мектеп басшылығы. Концерт барысында оқушыларды сурдопедагог маманы ым арқылы бағыттап отырды.
СНХ: ЗУРА ТІЛЕГЕНОВА, ТӘРБИЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: Менің ұлым бұл мектепте 7-ші сыныпта оқиды. Бірінші сыныптан бастап балам мүлдем сөйлемейтін. Қазір баламды көрсеңіз. Ол сөйлейді. Біздің ұлымыз екі жыл би үйірмесіне барып жүр. Осы жыл ол енді жүзумен айналысып жүр. Бурабайда. Балам жыл сайын командасымен жарыстарға барады. Осы жылы Павлодардан 2-3-ші орын әкелді. Қазір 11 медалі бар. Біздің папамыз айтады, бұның бәрін менің балам алды ма, деп таң қалады. 4-ші мектепке көп рахмет. Мұғалімдерге көп рахмет. Қалай сыйлап, қалай балаларға тәрбие береді. Балаларға сондай қолдау көрсетеді.
РКС: Жалпы бұл мектепте балалар есту қабілетінің нашарлығына байланысты 4 санатқа бөлінеді. 1-2 санатта нашар еститін балалар болса, 3-4 санат мүлдем естімейтіндер. Былтыр мектеп-интернаты жанынан қосымша жаға ғимарат қолданысқа берілді. Ондағы кабинеттер дыбыс қатайтқыш құралдармен толық жабдықталып, балалардың оқып-үйренуіне барлық жағдай жасалған. Осындай қолдаудың арқасында мектеп тәрбиленушілері жыл сайын керемет нәтиже көрсетіп отыр.
СНХ: АРИНА КЛЯМ, ТӘРБИЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: Бұл мектепке келіп жүргенімізге 10 жыл болды. Бұған дейін 3 жасымыздан бастап осы жердегі балабақшаға келген едік. Мектеп өте жақсы. Концерттері де керемет. Жыл сайын осындай есеп береді. Мектепте біз сабақтан бөлек, жүзуге, жарыстарға қатысамыз. Қазірдің өзінде Қазақстан чемпионымыз. Маған бұның бәрі өте ұнайды. Барлығы мектебімізге риза.
РКС: Әрбір ата-ана балаларының жетістігіне қуанды. Сонымен бірге ішкі толқыныстарын да жасырмады. Мәдениет Сарайының көрермен залы лық толы болды. Кешке келген әрбір жан балалардың бойындағы шығармашылық қасиеттер мен талпынысты көріп, ерекше әсермен қайтты. Барша көремен оқушылардың өнеріне тәнті болып, көздеріне жас алып, шара бойы қошеметтеп отырды.
ИНТЕРШУМ:
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ