ДИКТОР: Бұланды аудандық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде ұлттық қазақ күрес түрімен 145 ұл-қыз тұрақты айналысып жүр. Олар облыстық және республикалық жарыстарда жарқырап көрінуде.

РКС: «Тұлпар аунаған жерде түк қалады» деген осы болар. Балуан Шолақтың кіндік қаны тамып, табан ізі қалған өңірде оның ізбасарлары желкілдеп өсіп келеді. Соның айқын айғағындай қазақ күресімен шұғылданып жүрген өрендер боз кілемде шеберлік шыңдап, спорттық биіктерден көрінеді. Ұлттық күрестің айла тәсілін жақсы меңгеріп келе жатқан балалар аз емес.

СНХ: ТИМУР ВОЛЬСКИЙ, БАЛУАН: Мен қазақ күресімен 4 жыл айналысамын. Бапкерім Серік Шәйкенов. Біз қазір республикалық турнирге дайындалып жатырмыз. 42 келі салмақта күресемін.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: СӘБИНА ОМАРОВА, БАЛУАН: Менің алғашқы бапкерім Қайыр Еркебаев. Бүгіндері Серік Шәйкенов пен Қасымхан Нұртілеу де жаттығанмын. Кезекті жарысқа дайындалып жатырмыз.

СНХ: ӘЛИЯ МҰХАМЕДИЯ, БАЛУАН: Күреспен 6-шы сыныптан бастап айналысып келемін. Ұлттық күрестің айла-тәсілдерін енді меңгеріп жатырмын. Қазір жауапты жарысқа дайындық үстіндемін.

РКС: Қазақ күрес үйірмесі Қараөзек және Айнакөл ауылдарында жұмыс істейді. Шәкірттерге Қасымхан Нұртілеу, Аян Байболатов және Ерболат Оңғарсын дәріс береді, - дейді Бұланды аудандық балалар спорт мектебінің директоры, белгілі балуан Серік Шәйкенов.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.