ДИКТОР: Ақмолалық оқушылар білім деңгейінің өзге өңірлерден жоғары екенін биыл да дәлелдеді. 110 шәкірт халықаралық олимпиадаларда топ жарып, олардың 57-сі жүлдегер атанды. 400-ден астам оқушы республикалық кезеңдерге қатысқан. Кеше Көкшетауда зияткерлік сайыстарда облыс намысын абыроймен қорғаған жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

РКС: Зияткерлік ойындардың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасына 9-11 сыныптардың 70-тен астам оқушысы қатысты. Олардың арасында робототехникадан Үндістанда өткен халықаралық чемпионаттың жүлдегері Иманәлі Телжан да бар.

СНХ: ИМАНӘЛІ ТЕЛЖАН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ: Біз Қазақстан тарихында бір турнирде бірден екі ту алған екінші командамыз. Сонымен бірге еліміздің робототехника тарихында 3 турнирде 3 жалауға қол жеткіздік. Сондай-ақ қатарынан үш турнирде бірінші орынды жеңіп алдық. Менің ойымша, робототехника бізде ғана бүкіл әлем бойынша дамып келе жатқан сала. Мен болашақта кәсіби қызметімді робототехникамен, оның ішінде инжинирирнгпен байланыстырғым келеді.

РКС: Аталған шара еліміздің интеллектуалды әлеуетін дамытуға, Қазақстанның болашақ ғылыми зиялы ортасын тәрбиелеуге бағытталған. Дарынды балаларды ынталандыру мен қолдау да басты назарда. Жас дарындар жетістіктерімен бөлісті. Анастасия Бабкова Щучинск қаласындағы №6 мектептің 10 сынып оқушысы. Қазақ тілінен республикалық олимпиаданың жеңімпазы.

СНХ: АНАСТАСИЯ БАБКОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Мен осы жылда алғаш рет қатысқан республикалық олимпиадада жеңіске жетіп, ең жоғары нәтиже көрсеттім. Және мен осы жетістікке жету үшін үлкен ұзақ дайындық жүргіздім. Осындай менің қажырлы еңбегімнің арқасында мен 2 жыл қатарынан облыстық олимпиаданың 1-ші орнын иелендім. Ата-анама, ұстазыма қолдауына, сеніміне үлкен рақмет айтқым келеді.

РКС: Республикалық және халықаралық додалардағы жоғары жетістіктері үшін Ақмола облысы әкімінің атынан оқушыларға ақшалай сертификаттар табысталды. Іс-шара мерекелік концертке ұласты.

ИНТЕРШУМ:

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.