ДИКТОР: Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласына халықаралық турнирге келген балалар тамақтан уланып, ауруханаға түсті. Футбол жарысына Астана, Павлодар, Қостанай қалалары және Өзбекстан мен Тәжікстаннан барлығы 210 бала қатысқан. Соның 18-інде бактериалды ішек инфекциясы анықталды. Олардың төртеуі кеше түнде Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір жағдайлары жақсарып, үшеуі үйіне жіберілді. Ал, алматылық жасөспірім ауруханада ата анасын күтеді ,- дейді дәрігерлер. Курортты аймақта өткен жарысты ұйымдастырған спорт мектебі жергілікті атқарушы органды ескертпеген. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

СНХ: ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазірде жарысқа келген барлық балалар медициналық тексерістен өтіп жатыр. Мектепке арнайы медициналық қызметкер жіберілді. 168 бала тексерілді, қалған 42-сі үйіне кетті. Тексеріс нәтижесі әлі толық аяқталған жоқ, сондықтан, берілген мәліметтер өзгеруі мүмкін.