ДИКТОР: Мәдениет және ақпарат Министрлігі жанындағы қолжазбалар мен сирек кітаптар Ұлттық орталығының қызметкерлері экспедициямен Көкшетауға келді. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен шарада экспедиция мүшелері келу сапарлары, атқарған істері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

РКС: Қолжазбалар мен сирек кітаптар Ұлттық орталығы ел тарихының ертедегі құпияларын ашатын, құнды хаттардың түпнұсқаларын жинауды мақсат еткен алғашқы мекеме. Қазақстан мен елден тысқары жерде де әзірге жалғыз. Ол 2017 жылы құрылды. Кездесуге қатысушыларға орталық жұмысы туралы шағын бейнеролик көрсетілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Орталық мамандары құнды хаттардың түпнұсқасын аударады, оны зерттейді және сақтайды. Басты мақсат – мәліметтерді ғылыми айналымға енгізе отырып болашақ буынға тапсыру. Былтырдан бері орталық қызметкерлері еліміздің әр өңіріне экспедицияға шығуды қолға алды.

СНХ: БАҚЫТЖАН ОМАРОВА, ҰЛТТЫҚ ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ: Бұл экспедиция былтыр Қазақстанның өңтүстік өңірлерінен басталды. Онда Түркістан 2 жыл тарихы бар Тараз қаласы және де Қызылорда және Абай облысы Семей қаласында бірінші басталды. Сол жаққа барып біздің әріптестеріміз 150-ге жуық қолжазбалар мен сирек кітаптар әкелінді. Осы жылы енді 2025 жылы Сөлтүстік өңірлеріне іс-сапардамыз.

РКС: Қазір қолжазбалар мен сирек кітаптар Ұлттық орталығының қоры 2 мың данаға жуық. Ойшылдардың, данышпандардың, ғалымдар мен өзге де авторлардың араб, парсы, түрік тілдеріндегі 300-ге жуық сирек шығармасы сақталған. Қорды толықтыру үшін орталық мамандары 16 елді аралады.

СНХ: ЖАНДОС МӘДІКӘЖІҰЛЫ, АҚЖАР АУДАНДЫҚ АРХИВІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН): Жойылып жатқан кітаптарды жаңағы қайтадан орталыққа апарып, реставрация жасау, және де оны қайтадан көшірмесін жасау деген сияқты өте әсерлі әңгімелерді айтты. Және де өте бір керемет жаңағы істеп жатқан жұмыстарын көрсетті. Жойылып бара жатқан құнды дүниелеріміздің бәрі осындай жақсы мамандардың арқасында сақталып қалады деген ойдамыз.

РКС: Экспедиция аясында орталық қызметкерлері 5 күн бойы Көкшетауда болады. Сапар барысында олар құнды хаттардың түпнұсқасын тауып, жеке қолдан, мешіттер мен кітапханалардан алуды көздейді. Еліміздің әр өңірінен табылған сирек кітаптар мен қолжазбалардың бәрі арнайы жинақтың екінші томына енгізілмек. Айта кету керек, орталықтың қорына қолжетімділік тегін жүзеге асырылады. Оны кез келген адам пайдалана алады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ