ДИКТОР: Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Қазақстан балалары» онкүндігі шеңберінде 28 мамыр еліміздегі цифрлық қауіпсіздікке арналды. Бастама республиканың Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Тақырыптық күн аясында мектеп оқушылары Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету оралығында болды. Шара барысында балаларға ғаламтордағы тәртіп ережелері ойын түрінде айтылды.
РКС: Халыққа қызмет көрсету орталығында оқушыларға арналған «Кибер тұмар» атты танымдық іс-шара өтті. 5-6 сынып оқушылары үшін цифрлық орта қазірдің өзінде күнделікті өмірдің бір бөлігі айналған. Балаларға интернет кеңістігінде қауіпсіздік шаралары ескертілді. Сондай-ақ олар жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы туралы ақпарат алды.
СНХ: АМИЛИНА ЧЕП, №4 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен аккаунтыма кіретін құпия сөзді ешкім білмеуі керектігін жақсы білемін. Және өз аккауынтыма танымайтын адамдардың жазылмауын қадағалаймын. Және интернетке өзім туралы көп ақпарат салмауға тырысамын. Және сіздің тұратын мекен-жайыңызды, қай жерде жүргеніңізді білмеуі үшін геолокацияңызды белгісіз әлеуметтік желілерге қоспау керек. Әрине сөзді ешкімге айтпау керек. Бұл ережелерді сақтау өте маңызды, адамдар әртүрлі болады. Өйткені бұл ақпаратты басқа мақсатта пайдалануы мүмкін.
РКС: Ашық есік күні барысында балаларға Халыққа қызмет көрсету орталығына экскурсия жүргізіліп, оның жұмыс істеу принциптері мен мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы айтылды. Балалар белсенді түрде сұрақтар қойып, цифрландыру саласындағы мамандықтарға қызығушылық танытты. Сол жерде жүрген мамандардан практикалық кеңестер алды.
СНХ: ЕРЛАН ДАУЫЛБАЕВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі шара халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін кеңінен насихаттауға арналған. Көкшетау қаласындағы екінші бөлімшеде 10 мен 12 жас аралығындағы балалар да өз қатарластары арасында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетіп, түсіндіріп берулері үшін экскурсия өткізіп жатырмыз. Адам өмірге келгеннен өткенге дейін барлық қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі. Қазіргі таңда біздің орталықтар арқылы 1265 мемлекеттік қызмет көрсетілуде. Ақмола облысында 23 фронт-офис, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтары бар. Оқушылардың біздің жұмысымыз туралы жалпы түсінік болсын деген ниетпен осы іс шараны ұйымдастырдық.
РКС: Кездесу корытындысы бойынша қатысушыларға интернеттегі қауіпсіздік негіздері бойынша балалардың шолу курсын аяқтағаны туралы сертификат табысталды. Осылайша, Көкшетау өскелең ұрпақ арасында қауіпсіз цифрлық мәдениетті қолдауға бағытталған бүкіл ел бойынша бірқатар іс-шараға қолдау көрсетті.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.