ДИКТОР: «AMANAT» партиясы облыстық филиалының жанындағы өңірді дамыту жөніндегі Кеңестің отырысында әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты мәселе қаралды. Облыстағы мәдениет және спорт нысандарының құрылысы, оларды қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасының орындалуы кездесу барысында жан-жақты талқыланды.
РКС: Аймақтағы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар нысандарды жүзеге асыру күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Жаңа спорт алаңдарының құрылысы, мәдениет үйлерін жөндеу және қолданыстағы нысандарды қайта жаңғыртуға ерекше басымдық беріліп отыр.
СНХ: НИЯЗ БАЙҒОЖИН, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Спорт саласында 29,2 миллиард теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылуда. Ол соманың 6,5 миллиарды бөлінді. Қалған қаржы тапшы. Биыл 9 нысан қолданысқа беріледі. Бір ауысымда 1 мыңға тарта адам қабылдауға мүмкіндігі бар. Нысандарды уақытылы қолданысқа беру үшін облыстық бюджеттен 1,3 миллиард теңге бөлу қажет. Мәдениет саласында 12,3 миллиард теңгенің 15 жобасы қол алынды. 2,5 миллиарды бөлінді. 5,1 миллиард теңге жетпейді. Биыл 8 нысан пайдалануға берілмек. Оларды да қолданысқа беру үшін облыстық қазынадан 1,3 миллиард теңге қажет.
РКС: «Ауыл – ел бесігі» активтерді қайтары жөніндегі арнайы мемлекеттік қоры бағдарламалары табысты жүзеге асырылуда. Сондай-ақ өзге де қаржы көздерінің қолдауымен облыс бойынша түрлі үлгідегі 13 құрылыс нысанының құрылысы жүріп жатыр. Мәдениет саласындағы жобалар да басты назарда.
СНХ: ДИНА БЕЙСЕМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қыркүйек айында мәслихаттың кезекті сессиясында облыстық бюджеттен қосымша 56 934,3 мың теңге бөлінді. Осылайша жобаның жалпы құны 206 934,3 мың теңгені құрады. 2024 жылы қаржыландырудың болмауына байланысты Бурабай ауданы Ұрымқай ауылының мәдениет үйінде күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. AMANAT партиясының қолдауымен 2025 жылға «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында облыстық бюджеттен жөндеу жұмыстарын жүргізуге 278 667 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жобаның құны 272 042,9 мың теңгені құрады. Үнемдеу сомасы 6 624,1 мың теңге бюджетке қайтарылады
РКС: Жиын қорытындысы бойынша құрылыс қарқынын жеделдетуге және барлық процестің ашықтығын арттыруға бағытталған жаңа шешімдер қабылданды. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселесі өңірлік саясаттың басым бағытының бірі болып қала бермек,-деп атап өтілді жиында.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ