ДИКТОР: «Аманат» партиясының Көкшетау қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясы қаланы абаттандыру мәселесін талқылады. Әкім орынбасары Ақжол Қылышбаев қаланы абаттандыруға қатысты өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Жиын барысында жолдардың, аулалар мен жаяу жүргіншілер жолының ахуалы талқыланды. Балалардың және спорттық алаңдардың жетіспеушілігі де қозғалды.
РКС: Биыл Көкшетауда 30 шақырымға жуық көше-жол желісін жөндеуден өткізу жоспарланған. Шоқан Уәлиханов, Мәлік Ғабдуллин көшелері мен Назарбаев даңғылы және Сарыарқа шағын ауданындағы мектептерге кіреберіс жолдардың құрылысы қолға алынбақ. 12 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолы мен веложолақтар да жақын күндері халық игілігіне берілмек.
СНХ: АҚЖОЛ ҚЫЛЫШБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі уақытта келесі жобалар жүзеге асырылуда: Уәлиханов көшесінен Ашимов көшесіне дейінгі қайта құру жобасы, жоба сомасы – 1 млрд.тг. Ғабдуллин көшесін қайта құру, сомасы – 2 млрд. тг. Сарыарқа ш/а 1500 орындық мектепке №1,2 жолдардың қайта құрылысы, жалпы сомасы 2 млрд.тг. Назарбаев даңғылынан Ғабдуллин көшесіне шығатын 1500 орындық мектепке апаратын жолдың құрылысы, жалпы сомасы – 1,5 млрд. тг. Сарыарқа ш/а жол құрылысы, жалпы сома – 2,9 млрд. тг. Сарыарқа ш/а 7,8,9 жолдардың құрылысы, жалпы сома – 688 млн.тг..
РКС: Қоқыс шығару мәселесі де өзекті. Тұрғындар қаладағы санитарлық ахуалға алаңдаулы. Биыл бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Ол сома көшелердің тазалығы мен бей-берекет полигондарды жоюға және санитарлық өңдеуге бағытталды.
СНХ: ДАСТАН ӘКІМОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бізде әлі жүйелі тәсіл жоқ. Көп ретте бәрі ауызша айтылады, сол жерде қалады. Сол себепті бұл мәселені хаттамаға енгізу керек. Қоқыс шығару мәселесін шешу керек. Нақты алгоритм дайындау қажет.
РКС: Тұрғындар қаланың жақсарғанын тек қағаз жүзінде емес, нақты істе көрулері керек,-деп атап өтті жиынға қатысушылар. Әсіресе, көшелерде, аулалар мен жолдарда көрініс табуы қажет. Сонымен бірге тұрғындармен кері байланыс орнатып, жұмыс барысына ұдайы қоғамдық мониторинг жүргізіп отырудың маңыздылығы туралы айтылды.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. КӨКШЕ АКПАРАТ