ДИКТОР: Жыл басынан бері Атбасар ауданының негізгі капиталына 5 миллиард теңге инвестиция құйылды. Қаражаттың көп бөлігі бюджеттік. Жеке инвесторлар да тартылды. Бұл қаржы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға, жылу жүйелерін, орталық қазандықты қайта жаңғыртуға және салуға, сондай-ақ мектептерді күрделі жөндеуге бағытталды.

РКС: Аудан экономикасының негізгі басым бағыты агроөнеркәсіптік сектор. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің көлемі 3 млрд. теңгеден асады. Дақылдарды егу және өсіру бойынша жоспарлы әртараптандыру жүргізілуде. Егіс науқанына ауданның 200-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады.

СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Көктемгі дала жұмыстары жүріп жатыр. Технологиялық жарақтандырудың арқасында біз бүгінде 22-25 мың гектарға жетеміз. Бұл күнделікті нормаға сәйкес келеді. Бұл жақсы нәтиже. Тиісінше, біз қолайлы жағдайларда 1 маусымға дейін егіс науқанын аяқтауды жоспарлап отырмыз.

РКС: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жыл басынан бері 13,5 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 144 процентке артық. Бұдан бөлек, 9 млрд теңгеден асатын 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жыл соңына дейін оның 9-ын жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, 2,5 млрд.теңгеден астам сомаға құрылыс жұмыстары іске асырылуда. Атап айтқанда, қолданыстағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жүйесін жаңарту, жөндеу, сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу бойынша жұмыстар.

СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Новосельское ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту жүргізілуде. Бұл өткен жылдан бері ауыспалы жоба. Родионовка және Калиновка ауылдарында су құбыры желілерін салу, сондай-ақ Борисовка, Самарка, Титовка ауылдары үшін жалпы сомасы 79 млн.теңгеге қазандық-блокты модуль сатып алу және орнату. Осының бәрі бізге осы жобаларды іске қосудың арқасында ауыз сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

РКС: Атбасар қаласында орталық қазандықты қайта жаңарту, сондай-ақ жылу жүйелерін салу және жаңғырту жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, су тасқынынан қорғау жұмыстары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, биыл 6 шақырымнан астам учаскеде Жабай өзенінің арнасын тереңдету және кеңейту жобасы басталды. Осы шаралардың арқасында биыл аудан орталығын су басудан аман қалды. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтаған жоқ, жыл соңына дейін аяқталады, - деді аудан әкімі.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.