ДИКТОР: Көкшетаудағы Абылай хан саябағында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала жүрегі - менің жанымда» атты жарқын әрі мазмұнды шара өтті. Аталған шара тек мерекелік бағдарламамен шектелмей ,бала құқығын қорғауға бағытталған.

РКС: Бұл бастама Ақмола облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Әсем Асайынованың және балалар омбудсмендерінің тікелей қатысуымен ұйымдастырылды. Шараның басты сәттерінің бірі - балалар мен балалар омбудсмендерінің ашық диалогы.

СНХ: ӘСЕМ АСАЙЫНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: Басты мақсатымыз – балалар өз құқықтарын біліп, қиын жағдайда қайда жүгіну керектігін түсінсін, 101 байланыс орталығы туралы хабардар болсын, әрбір баланың мемлекет қорғауында екенін жүрегімен сезінсін деген ниет. Шарада концерттік бағдарлама, ойындар, сұрақ-жауап кезеңі қарастырылған.

РКС: Шарада құқық қорғау саласының мамандары балалардың өз құқықтарын талқылауға және қорғауға белсенді араласуының маңыздылығын атап өтті.

СНХ: ГҮЛНӘР ЖӘНІБЕКОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІНІҢ ӨКІЛІ: Біз түрлі форматтағы шараларды ұдайы өткізіп тұрамыз. Балалар арасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруғаа қатысты түсіндіру жұмыстарын да жүргіземіз. Бұл жұмыс тек тұрмыста ғана емес, көшеде және интернет кеңістігінде де балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Балалардың құқықтарын қорғау – ең алдымен, әр отбасының басты міндеті деп айтар едім. Сондықтан барлық ата-ана мен қамқоршыларды балалардың амандығы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге, қажетті шараларды қабылдауға шақырамын. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, еліміздің барлық бүлдіршінін жарқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Балаларымыз әрқашан бақытты әрі дені сау болсын!

РКС: Бұл шара өскелең ұрпаққа арналған қауіпсіз, қолайлы әрі ашық орта қалыптастыру жолындағы маңызды бастаманың бірі. Әр баланың пікірі назардан тыс қалмауы керектігін және оның маңыздылығын тағы да бір айшықтай түсті.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ