ДИКТОР: Жарқайың ауданында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Державинск қаласында су құбырын қайта құру жобасының үшінші кезеңі жүргізілуде. Бұл жұмыстар қала тұрғындарын тұрақты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
РКС: Қазіргі уақытта жоба аясында 19,5 шақырым су құбыры тартылды. Сондай-ақ әрқайсысы 1000 текше метрлік екі таза су қоймасы орнатылған. Нысанда 12 маман жұмыс істеуде. Су құбырын 2025 жылдың бірінші жарты жылында пайдалануға беру жоспарланған.
СНХ: НӘБИ ЖОЛДАС, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Қазір пуско-наладочный жұмыстар жүріп жатыр. Бұл жерде Державинск қаласында сағатына 200 кубчас су тазартамыз. Су құбырының жалпы көлемі 19 км, оның ішінде 2 км водовод. Бірінші су станциясынан осы су тазарту станциясына келетін 2 км. Жалпы сағатына 200 куб су тазартылады. Басталған жылы – 2021 жыл. Қазір уже аяқталу жұмыстары жүріп жатыр.
РКС: Израильдік «SHIPUR» компаниясы су технологиялары саласындағы көшбасшы ретінде танылды. Израиль суды тазарту және суды тиімді басқару саласындағы өзінің инновацияларымен танымал. Мұндай жоғары технологиялық серіктеспен ынтымақтастық жобаның жоғары деңгейі мен маңыздылығын көрсетеді, - дейді мамандар.
СНХ: ЭЛЬДАР АГАЕВ, «SHIPUR» WATER ENGINEERING КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Бізде мұндай станциялар көп емес. Бұл өте үлкен станция - сағатына 200 текше метр су жібереді. Негізінде технологиялар суды ішетін суға дейін тазартуға мүмкіндік береді. Судың сапасы жқсарады.
РКС: Сонымен қатар, Шойындыкөл ауылындағы жерасты көздерінен су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда нысанға барлық қажетті құрылыс материалдары жеткізілді. Маусым айында су мұнарасын орнатып, іске қосу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, электр желісін тарту және сорғы станцияларының қоршауларын орнату жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталмақ.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ