ДИКТОР: «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында мамырдың 22-сі мен маусымның 1-і аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақмола облысының барлық медициналық ұйымдарында Ашық есік күндері өтеді. Ондағы негізгі мақсат - балалар денсаулығы мен құқықтарын қамтамасыз ету,-дейді мамандар.

РКС: Елімізде түрлі медициналық көмекті қажет ететін балалар бар. Бүгінгі таңда балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғау еліміздегі басым бағыт. Балаларға қамқорлық-мемлекеттік саясаттың бірлескен жауапкершілігі мен нақты басымдығы. Бұл туралы ІҮ Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы баса айтты. Облыста облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жыл басынан бері 4 мыңнан астам бала стационарлық емделуде.

СНХ: ГҮЛМИРА МҰҚАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Облыстық балалар ауруханасының неврологиясы мен оңалтуында 330 бала оңалту ем алды.Оның ішінде: Болашақ -262. Қамқорлық -68 емделуде. Амбулаторлық поликлиникалық көмек бойынша 2025 жылғы 4 айда барлығы 20467 бала оңалту емін алды.Оның ішінде,Болашақта -10270 бала алды, Қамқорлық -10197 бала емделді.Оның ішінде церебральды паралич бар балалар және тағы да ауру науқастар . Барлығы 70 мүгедек бала оңалту төсегінде емделді, оның ішінде: Болашақ - 44 бала емделді, Қамқорлық бөлімшесінде- 26 бала.

РКС: Осы айда 8 жастағы мүмкіндігі шектеулі балаға севоран препаратын қолдану арқылы алғаш рет жалпы наркозбен стоматологиялық көмек көрсетілді.

СНХ: ГҮЛМИРА МҰҚАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бұл процедура барысында тістерді емдеу жүргізілді, сондай-ақ басқа да қажетті манипуляциялар жасалды. Бұл жайлы және жоғары сапалы емдеу жүргізуге мүмкіндік берді. оториноларингология бойынша аденотомия, аденотонзиллотомия, тонзиллэктомия, септопластика, наркозбен өткізілетін вазотомия операциялары өткізіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі «Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» № 704 бұйрығына сәйкес, БМСК деңгейінде ерте жастағы балалардың ауруларын уақтылы емдеу үшін психофизикалық, неонаталдық, аудиологиялық скринингтер жүргізілуде.

РКС: Бұл идеяның іске асырылуы бейінді министрліктердің қатысуымен өткізіледі және қоғамның назарын бала денсаулығына аударуға мүмкіндік бермек. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында іске қосылғалы отырған шараның басты қағидасы дені сау бала мен сау болашақты қалыптастыру.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ,ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.