ДИКТОР: Экс-сенаторлар, армия генералы Мұхтар Алтынбаев пен экономика ғылымдарының докторы Анатолий Башмаков Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Олар алдымен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы әскери кафедра студенттерімен кездесті. Жиында Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов туралы сөз қозғалды. Айта кетейік, биыл даңқты жерлесіміздің туғанына 100 жыл толып отыр.

РКС: Көкшетауға келген меймандар жоғары оқу орнында жақында ғана қолданысқа берілген халықаралық стандарттарға сай салынған Студенттер сарайын аралап көрді. Одан соң қонақтар әскери кафедраға барып, курсанттармен әңгімелесті.

СНХ: МҰХТАР АЛТЫНБАЕВ, АРМИЯ ГЕНЕРАЛЫ: Сол әскери кафедраның студенттерімен кездесіп, сөйлеген тақырыбымыз Сағадат Нұрмағамбетов туралы. Генерал армий, халық қаһарманы. Қазақстанның тұңғыш министр обороны. Биыл май айының 25-де 100-ге келеді. Оның туған жерінде үлкен мереке дайындалып жатыр. Сол кісі туралы біз конференциялар өткізіп жатырмыз. Әр өңірде. Сол кісінің тарихын мен айтып бердім. Мен ол кісінің қол астында қызметте болдым.

РКС: Студенттер алдында сөз сөйлеген армия генералы ел қорғаны болатын жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншіліктің зор болуы керек екенін қадап айтты. Кезінде экс сенаторлар әскери кафедраның ашылуына қолдау көрсеткен. Араға 10 жыл салып, сол кафедраның жұмысымен танысып, курсанттармен кездесіп отыр.

СНХ: АНАТОЛИЙ БАШМАКОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Біз қазақ қоғамының руханилығы, мәдениеті, бірлігі туралы сөз қозғадық. Экономиканы, қорғанысты дамыту мен жас ұрпақтың арасында отансүйгіш қасиетті насихаттау маңыздылығын айттық. Біздің алдымыздағы басты міндет осы. Маған әсіресе әскери кафедрадағы кездесу ұнады. Дәл осы жерде біздің ер азаматтарымыз, күшіміз, рухымыз қалыптасады. Курсанттар – болашақ офицерлер, мемлекетіміздің қорғаушылары.

РКС: Экс-сенаторлар одан соң облыс әкімінің қабылдауында болып, Ақкөл ауданына қарасты Еңбек ауылына Сағадат Нұрмағамбетовтың есімін беру туралы ұсыныс білдірді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ