ДИКТОР: Көкшетау қаласында халықтық, заманауи және классикалық жанрларды үйлестірген өңірлік XV Ұлттық Дельфий ойындары өтті. Оған 250-ден астам өнерпаз қатысты.

РКС: Дельфий ойындары - талантты, әрі дарынды жастарды іздеп, олардың кеңінен танылуына мүмкіндік беретін жоба. Байқаудың нәтижесі бойынша ең үздік деп танылған жеңімпаздар облыс намысын республикалық Ұлттық Дельфий ойындарында қорғамақ. Республикалық Ұлттық Дельфий ойындарында жеңіс тұғырынан көрінген жастар халықаралық ойынға жолдама алады.

СНХ: ҚҰРАЛАЙ ТҮСПЕКОВА, ҰЛТТЫҚ ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫ КОМИТЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Көкшетау қаласы мен облыстың дарынды балалары мен жастары 15 номинация бойынша қатысуда. Тамыз айында өтетін Ұлттық Дельфий ойындарында жеңімпаздарды сіздермен бірге қарсы аламыз деп сенемін.

РКС: Республикалық Ұлттық Дельфий ойындарына "Халық би" номинациясы бойынша Аршалы ауданының "Мираж", "Заманауи би" номинациясы бойынша көкшетаулық "Полянка" және "Yolo Family" би тобы, "Ән айту" номинациясы бойынша жергілікті 8 өнерпаз облыс намысын қорғамақ. Сондай-ақ, "Халық аспаптары" номинациясы бойынша 7 және "Бейнелеу өнері" бойынша 5 суретші республикалық ойынға жолдама ұтып алды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ