ДИКТОР: Топан су салдарынан Ақмола облысына қарасты бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны басталғалы өңірде мыңнан аса адамды эвакуацияланған. Сондай-ақ, төрт-түлік те қауіпсіз жерге көшірілді. Аймақты судан қорғап қалу үшін жергілікті құтқарушылардан бөлек, басқа облыстардан қосымша күш те тартылды. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Төтенше жағдайлар саласында қызмет ету - қиын. Әрі аса жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Шын мәнінде, бұл - нағыз қаһарман азаматтардың мамандығы. Құтқарушылар күнделікті өмірде талай рет көзсіз ерлікке барады. Адамдардың өміріне араша түсіп, қаза тапқан құтқарушылар да аз емес. Қауіптілігіне қарамай, ержүректілігінің арқасында бұл салада адал қызмет етіп жүрген құтқарушылардың қатарында шымкенттік Роман Письменский де бар.

СНХ: РОМАН ПИСЬМЕНСКИЙ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЖАСАҚ БАСТЫҒЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: 27-ші наурыз күнінен бастап осы күнге дейін Ақмола облысында төтенше жағдайлар жұмыстарын жою жұмыстарына қатысып отырмыз. Біздің іссапарымыз Ақмола облысы Аршалы ауданынан басталды. Аршалы ауданының ішінде Анар, Жібек жолы, Жастомар, Талапкер елдімекендерде су тарту жұмыстары жүргізік және дамбаның нығайту жұмыстары атқардық. Атбасар ауданына келген кезде үлкен суды көрдік. Үлкен сумен күрескен кезде барлық органдар бірлесіп қатысты.

РКС: Әлеуметтік желіде су кешіп барып, ағын судың арасында қалған итті көтеріп, қауіпсіз жерге көшірген ер адамның бейнеролигі тарап кеткен болатын. Жеті қазынаның бірі саналатын итті құтқарған атбасарлық Мейрам Ішім. Ол ит-мысықтан бөлек, топанс удан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын соза білген.

СНХ: ҒАЛИЯ МҰСАЖАНОВА, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Үйге акиматтан құжаттар өткізсін деп жатыр. Ал, біз асыққанда документтерімізді ұмытып кетіппіз. Мейрамның арқасында документімізді алдық. Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне ризамыз. Ол кісілер жан беріп жүгіріп жүрді осы маңайда. Әрбір үйге кіріп, әрбір пәтерге кіріп барлығын сұрап, көмектесейік па деп, малдарға дейін шығарып көмектесті. Алғысымыз шексіз!

РКС: Тосыннан келген топан су тұрғындардың ауызбіршілігін нығайтып, құтқарушылардың өлшеусіз еңбектерін көрсетті. Қиын жағдайға тап болған аудандықтардың мәселелеріне бей-жай қарамай, тәулік бойы қол ұшын созып жүрген мамандардың еңбегі ерен.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ