ДИКТОР: Бұланды ауданында тасқын су шайып кеткен үйлердің иесі мемлекеттен өтемақы алу үшін құжат жинап тапсыруда. Баспаналарына келген шығынды тәуелсіз бағалаушылар келіп сараптама жасауда. Толығырақ келесі материалда.

РКС: Бұланды ауданында су шайып кеткен 4 ауылдың бірі Вознесенка елді мекені. Мұнда 26 үйді су шайып кеткен. Зардап шеккен жандардың бірі Олеся Лузгинаның айтуынша су түнде үйге бірден лап қойған. Қызыл судың мұншалықты жылдам көтерілерін күтпеген үй иелері терезеден шығып қашқан.

СНХ: ОЛЕСЯ ЛУЗГИНА, ВОЗНЕСЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Үйге су әп сәтте кіріп, бірден көтеріле бастаған кезде не істерімізді білмей, балаларды терезеден шығара бастадық. Жұбайым екеуміз шығар кезде су белімізден келді. Қатты қорықтық. Кейін су төмендеген уақытта жерлестеріміз, әкімшілік қызметкерлері төсек орын, тамақ, су әкеліп қол ұшын созды. Барлығына алғысым шексіз. Балам ауырып қалды, демалуы қиын, өйткені үйдің іші ылғал. Пеш жағып жатырмыз, үйдің іші әлі толық кеппеді.

РКС: Бұланды ауданында су тасқынынан келген шығынды өтеу бойынша арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері су шайып кеткен 4 ауылды аралап, келген шығынды есептеп жатыр. Тәуелсіз бағалаушылар баспаналарының жай күйін анықтауда.

СНХ: РАУШАН ҚОЖАБАЙ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Зардап шеккендермен кездесіп, жағдаймен жақын таныстық. 2 үй Аққайың ауылында, 26 үй осы Вознесенкада. Қайсы үйге қандай зардап келді, арыз шағымдарын алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. әрқайсына 100 есептік айлық мөлшерде жәрдемақы төленеді. Независимый оценщиктар келіп, үйлерінің жағдайын қарайды. соған орай төленеді. Цонның сотрудниктері ауылдарға келіп, форма 2, форма 6 осы жерде береді. Бұл облыс әкімінің тапсырмасы. Зардап шеккендер ауданға сабылмай Цон қызметкерлері осында келіп жұмыс істейді.

РКС: Бұланды ауданынан өтетін Қайрақты өзені арнасынан асып, су шайып кеткен көпірді қазір жөндеп жатыр. Купчановка ауылына қатынайтын жол жоқ, жөндеу жұмыстарын бірер күнде аяқтаймыз дейді жауаптылар.

СНХ: АЗАМАТ АЛДАБЕРГЕНОВ, "МАКИНСК ЖЫЛУ" КӘСІПОРНЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жолды қалпына келтіру жұмыстарын бастап кеттік, техника бар, погрущик бар,6 камаз техникасы жақын карьерден бізге инертті материал тасып жатыр. қарасаңыздар 4 жерден жолды шайып кеткен. түн уақытында болған. 2 үлкен ойды жаптық. труба салып жатырмыз. алдымызда үлкен ой бар. сосын мостқа жақындаймыз.

РКС: Су тасқыны кезінде Капитоновка ауылында 28 үйге су кірген. кКейбір баспанаға кірген судың биіктігі 1 метрден асқан. Ауылда қазір ауыз су жоқ, тұрғындарға тіршілік нәрін тасып әкеліп беруде. Бұл ауылда да комиссия келген шығынды есептеп жатыр.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ