ДИКТОР: Көктемгі күтпеген табиғи апат Көкшетау қаласындағы Вернадский көшесінің тұрғындарын әбігерге салды. Тасқын салдарынан тұрғын үйлерді су басып, бірнеше отбасы баспанасыз қалды. Олардың қатарында Қапаровтар мен Никулиндер жанұясы бар. Ал, енді топан судан зардап шеккен қос отбасы бүгін бөркін аспанға атуда. Оларға облыс әкімі Марат Ахметжанов жаңа пәтердің кілтін табыстады.

РКС: Баспанасын қызыл су басып, жарамсыз болып қалған 2 отбасы өздеріне үй таңдады. Олар бюджет қаражаты есебінен сатып алынды. 4 бала тәрбиелеп отырған жалғыз баста ана Сәуле Қапароваға 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Ол өзінің қуанышын жасыра алмай, Үкіметке алғысын жеткізді.

ИНТЕРШУМ: Кілтті табыстаудан фрагмент

СНХ: СӘУЛЕ ҚАПАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Топан су үйіме кіріп, барлық жиһаз жарамсыз болып қалды. Президент уәдесінде тұрды. Үкіметтен қолдау көріп жатырмыз. Әріптестер, достар, барлығы мені қолдап, қиын сәтте қол ұшын созды. Барлығына рахмет! Енді міне бүгін баспаналы болып жатырмын. Өте қуаныштымын. Балаларым да бақытты. Өзіміздің қуанышымызды бір сөзбен сипаттау мүмкін емес.

РКС: 180-ге жуық отбасы бүгінгі таңда 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы өтемақы алды. Комиссия мүшелері қызыл судан зардап шеккен тұрғындардың дүние-мүлкін әлі де есептеп жатыр.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мына су тасқынынан зардап шеккен біздің қала тұрғындары өздерінің бірінші баспаналарын алып жатыр. Жақсы істің бастамасы деп есептейміз. Енді, біртіндеп-біртіндеп біздің зардап шеккен азаматтарға баспана беру, соны ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Енді президенттің берген тапсырмасына сәйкес бүкіл осы жәбірленген адамдарға толық мемлекеттік көмек болады. Баспанасыз ешкім қалмайды. Басқа жерлерде керекті күрделі жұмыс болады ма, соның бәрін ұйымдастырамыз. Ең бастысы ұзаққа созбай, ізін судырмай барлығын кезең-кезеңмен өзінің тізімі бар. Комиссия анықтаған жарамсыз үйлердің иегерлері барлығы баспанамен қамтылады.

РКС: Күзге дейін топан судан зардап шеккен барлық тұрғын қажетті көмек көрсетілмек.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ