ДИКТОР: Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде "WorldSkills Aqmola-2024" өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Жарыс 7 құзыреттілік бойынша өтеді. Байқауға Ақмола өңірінен бөлек, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі, Степногорск жоғары колледжінің студенттері қатысуда.

РКС: Жұмыс алаңдары "Графикалық дизайн", "Сән технологиясы", "Интерьер дизайны", "Әлеуметтік-мәдени қызмет", "Сәнді киім мен аксессуарлардың дизайны", "Хореография ұжымының жетекшісі", "Киімді цифрлық модельдеу" құзыреттіліктері бойынша жұмыс істейді. Оған 30-дан астам студент қатысып жатыр.

СНХ: КАРИНА КУЗНЕЦОВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Интерьер дизайны» құзыреттілігі бойынша қатысып жатырмын. Бағалау критерийлер бойынша жүргізіледі. Яңни, біз орындауға тиісті белгілі бір шарттар бар. Бұл байқауға алғаш қатысуым. Тәжірибе жинақтау үшін таптырмас мүмкіндік. Жүлделі орын алмасам да, қатысқанымның өзі бір ғанибет деп айтар едім. Жобаны толықтай орындау үшін бізге белгілі бір жоспар беріледі. Бір жерде қабырғаны алып тастап, басқа жерге жалғап дегендей. Яғни, белгілі бір нақты стилистикада интерьерді толықтай жасап шығу қажет.

РКС: 4 күн бойы қатысушылар үздіктер қатарынан көріну үшін сайысады. Дарынды жастардың қиялына қанат бітіру үшін кабинеттер мен шеберханалар қажетті жабдықтармен толық жарақтандырылған.

СНХ:ҰЛБОЛСЫН МӘМБЕТОВА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІ ДИЗАЙН БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Байқау өткізуге әр құзыреттілік бойынша барлық жағдай жасалған. Бұл өңірлік байқауды өткізгенге дейін колледжішілік іріктеу турын өткізген болатынбыз. Сол колледжішілік іріктеуден өткен біздің өнерлі оқушыларымыз осы «Дизайн», «Хореография», «Әлеуметтік мәдени қызмет көрсету» құзыреттіліктері бойынша өздерін бүгінгі күні өнерлерін, қабілеттерін, құзыреттіліктерін көрсетіп жатыр.

РКС: Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары республикалық чемпионатқа жолдама алады. Айта кетейік, бұл сайыс жыл сайын өткізіліп келеді.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ