ДИКТОР: Топан су Атбасар ауданына қарасты Самарка ауылына да жетті. Елдімекен арқылы өтетін Есіл өзені деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты 100-ге жуық тұрғын аудан орталығына эвакуацияланды. Оның 25-сі бала.

РКС: Атбасарлықтарды тасқын судан құтқару үшін Жамбыл облысынан 60-қа жуық құтқарушы келді. Самарка ауылының тұрғындарына қол ұшын созу үшін жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен Тараз қаласының құтқарушылары мотопомпа арқылы күн-түн демей су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

СНХ: ҚАЙРАТ ҚОЖАХМЕТОВ, САМАРКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Біздің тарапымыздан қазір бекетті нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түнгі уақытта төтенше жағдай сарбаздары және учаскелік полиция, бәріміз жұмылып кезекшілікті атқарудамыз.

ИНТЕРШУМ:Жамбыл облысынан келген құтқарушылардың сөзі

- Тараз Атбасарды суға бермейміз! Күшіміз бірлікте!

СНХ: МЕЙРАМБЕК ҚОНАРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Біз Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінен Ақмола облысына 57 жеке құрам шыққанбыз. Қазіргі таңда осы Самарка ауылында мынау бөгетті нығайту және су шығару жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Бұған дейін Көкшетау қаласында, Атбасар қаласында да бөгетті нығайту және суды шығару жұмыстарын атқарып келдік.

РКС: Сандықтау ауданына қарасты Каменка арқылы өтетін Сарқырама өзенінің де су деңгейі көтерілді. 80-ге жуық тұрғын өзін-өзі эвакуациялады. Барлығы қазіргі уақытта туыстарында. Сондай-ақ, құтқарушылар 100-ден астам төрт түлікті қауіпсіз жерге көшірді. Сонымен қатар, облыстық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Есіл өзенінің күрт көтерілуіне байланысты жазықта қалып қойған малшыны құтқарды. Жарқайың ауданының тұрғыны медициналық көмекті қажет еткен жоқ. Қазіргі таңда ер азамат қауіпсіз жерге орналастырылды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ