ДИКТОР: Геология және минерология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы, профессор Айтқажы Қазбековты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті. Оған 150-ден аса балғын шахматшы қатысты. Додаға келгендер тыңғылықты дайындықтарын байқатып, тартысты ойын көрсете білді.

РКС: ІТ мектеп-лицейі білім алушылардың зияткерлік дамуына ерекше мән береді. Әр баладан сәл қобалжып тұрғанын байқауға болады. Бұл, әрине, түсінікті, өйткені, әрқайсысы жеңімпаз атанғысы келеді. Әдия Шәйкенова ІТ мектеп-лицейінің 6-шы сынып оқушысы. Шахматпен айналысқанына 4 жыл болған екен. Осы дәстүрлі сайысқа жыл сайын қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүр.

СНХ: ӘДИЯ ШӘЙКЕНОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Шахматқа бала кезімнен қызықтым. Ата-анам би үйірмесіне бермекші болды, бірақ өзім шахмат таңдадым. Бұл ойын түрі адамды тез ойлауға, жылдам шешім қабылдауға баулиды. Осы додаға қатысып жүргеніме 3-4 жыл болды.

СНХ: САЙЛАУБЕК БИҒАТОВ, ТӨРЕШІ: Биылғы турнирге 160 оқушы қатысып жатыр. 9 турдан тұрды. Біз блиц-турнирге арнайы сыйлықтар дайындап қойдық. Күрестен белбеу беріп жатса, енді біз шахматтан да белбеу береміз. 4 жыл бойы ұйыдмастырылып отырған сайыстан 4 дүркін чемпион деп айтуға болады №6 мектеп оқушысы 4-ші жыл қатарынан жүлделі орынды бермей келеді. Турнирге қалалық мектептерден, аудандардан келіп жатыр. Степногорсктен, Қояндыдан келді.

РКС: Айта кетейік, турнирдің Айтқажы Қазбековтың құрметіне арналуы тегіннен-тегін емес. Өйткені геология саласының майталманы көзі тірісінде қолы қалт еткенде шахмат ойнағанды жақсы көрген. Туған елінің дамуына зор үлес қосқан ел азаматы өскелең ұрпаққа үлгі.

СНХ: ИСА ҚАЗБЕКОВ, АЙТҚАЖЫ ҚАЗБЕКОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ: Бұл турнир атамның 90 жылдығына арналған. Жыл сайын өтеді. Мені атам бала кезімнен үйреткен шахмат ойнауға. Атам кітап жазатып, поэт, геолог. Маған бала кезімнен үйреткен атам айтатын «Күшпен екі адамды жеңесін, шахматпен мың адамды жеңесің» деген.

РКС: Айтқажы Қазбековтың есімін ұлықтауға арналған шахмат турнирінің қорытындысы бойынша №6 мектеп-лицейінің оқушысы Әдия Шәйкенова жеңімпаз атанды. «Ең үздік ойыншы» номинациясына Досан Алпысов ие болды. Ал «Ең қысқа партия» номинациясы Нұрдәулет Қайыркенге бұйырды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘШІЛЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ