ДИКТОР: Наурыз-сәуір айларында Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында "Цифрлық агро көшбасшылар" байқауы өтті. Оған Шағалалы жоғары агротехникалық колледжінің студенттері де белсене қатысты.

РКС: Байқауға "Агрономия", "Кәсіптік оқыту", "Бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандықтары бойынша оқитын 25 студент қатысты. Оның бірнешеуі жүлделі орынға ие болды. Байқау жүлдегерлері 450 мың және 210 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақылармен марапатталды. Сонымен қатар, Татьяна Подласова мен Тимур Оруджов Түркия елінде өтетін байқауға жолдама алды.

СНХ: ТАТЬЯНА ПОДЛАСОВА, ШАҒАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Байқау Петропавл, Астана және Көкшетау қалаларында өтті. Әрі қарай олимпиада қашықтан өтті. Сәуірдің 11—і мен 12-сі аралығында финалдық кезеңнен өттік. Оған тек 32 үміткер қатысты. Оның 10-ы біздің колледждің студенті. Бізді өзара командаларға бөлді. Балалар бір-бірімен мүлдем таныс емес еді. Таныстығымыз бізді жұмылдыра алды. Осының арқасында біз жүлделі орынға ие болып, 2-орын алдық.

СНХ: ТИМУР ОРУДЖОВ, ШАҒАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бізге түрлі тапсырмалар берілді. "Агрономия"мамандығы бойынша сұрақтар да келді. Мұның бәрін цифрландыру қажет болды. Бұл іске барлық студенттер атсалысты. IT маманы ноутбук арқылы технологиялық карталар жасады. Механизатор қуатпен көмектесті. Яғни, бактардың көлемімен жұмыс істеді. Ауылшаруашылық мәдениеті жағынан да тапсырмалар берілді. Онда 1 гектарға қанша тұқым қажет екенін есептеуіміз керек еді. Ауыспалы егіске қандай дақыл қою керектігін есептеп жаздық. Нені қосу керек, қандай тыңайтқыш, қандай химиялық зат дегендей. Жалпы барлығы оқитын мамандыққа байланысты.

РКС: Финалдық кезеңге арнайы пәндер оқытушысы Мадияр Төребековтың жетекшілігімен колледждің 13 студенті қатысты.

СНХ: МАДИЯР ТӨРЕБЕКОВ, ШАҒАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Студенттер бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленді. Сондай-ақ, біздің екі белсенді студентіміз Түркиядағы John Deere зауытына баруға мүмкіндік алды. Айта кету керек, бұл біздің болашақ мамандарымыз үшін үлкен тәжірибе. Бұл бізде білім алатын агрономдарға, механизаторларға, бағдарламашыларға үлкен нәтижелерге қол жеткізуге және өз кәсібін одан әрі жақсы көруге арналған таптырмас мүмкіндік.

РКС: Енді колледж студенттері келер жылы Халықаралық байқауда өз күштерін сынап көреді.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ