ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Бірлестік ауылының тумасы Ғалымжан Сәлімгереев 19 жасында соғысқа аттанып, 1942 жылы Воронеж майданында із-түзсіз жоғалып, хабарсыз кеткен. Оны туысқандары аталары жайында ұзақ жыл үздіксіз мәлімет іздеп, араға 80 жылдан артық уақыт салып, құнды ақпаратқа қол жеткізеді.

РКС: Табылған құнды құжаттарда Ғалымжан Асқарұлы ұрыс алаңында 3 рет барлаушы болып, әскери бұйрықты бұлжытпай орындағаны үшін және 561-ші сапер батальонының үздік сапершісі болғаны анықталды. Және ол "Әскери еңбегі үшін" орденімен марапатталған. Ғалымжан Сәлімгереевке "Қатардағы жауынгер" әскери шені берілген. Бірлестік ауылындағы майдангерлерге арналған ескерткіш тақтаға батырдың есімі жазылды. Жалпы Бірлестік ауылынан қан майданға 64 адам аттанып, 34-і оралмаған.

СНХ: ЕСІМЖАН СӘЛІМГЕРЕЕВ, БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫ: Ол мәліметтер интернет бойынша хат жазу бойынша Ресейден, Қазақстанның әртүрлі мекемелерінен хабар, мәлімет жинап, қай жерде соғысқан немен марапатталған жайлы мәліметтер шықты. Облыстық ескерткіштерді қорғау мекемесінен рұқсат алып мемориалды тақтаға есімі жазылды.