ДИКТОР: Бүгін облыс әкімі Марат Ахметжанов бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Шара барысында облыс кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы саласында қазіргі уақытта қалыптасқан бірқатар өзекті сұрақты алға тартты. Кездесуге барып қайтқан тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Бизнес-форумға жиналған 250-ден астам қатысушы ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселені ашық талқылады. Бұл кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің арасындағы диалогқа арналған ашық алаң. Кездесу барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов кәсіпкерлерге қашан да жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Қазір көктемгі егіс науқаны жүріп жатқанына байланысты осы саладағы біршама өзекті сұрақ қозғалды. Оның ішінде биыл егіс науқанын тиімді өткізуге 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 100 миллиард теңгеден астам 5 пайыздық несие берілді. 18 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға да лизинг беріліп жатыр. Айта кетейік, Ақмола облысы астық, тұқым және мал азығы сататын кәсіпорындар есебінен 44 процент өсімге қол жеткізіп отыр.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әрине, бұл жерде біздің кәсіпкерлердің, бизнес-қауымдастықтардың үлкен еңбегі жатыр. Ішкі жалпы өнімнің құрылымында өнеркәсіптің үлесі 34 процентке тең. Одан соң ауыл шаруашылығы саласы тұр. Ақмола облысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің жүрегі деп атауға болады. Республика бойынша жалпы өнімнің 12 процентін ауыл шаруашылығы саласынан Ақмола облысы беріп отыр. Ел экономикасына Ақмола обысының үлесін ұлғайту үшін стратегиялық бағыттарды дамытуға күш салуымыз керек. Бұл ретте бизнестің қатысуынсыз әрі кері байланыссыз нақты нәтижеге жеткізу мүмкін емес.

РКС: Сондықтан аймақ басшысы кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырды. Оның айтуынша, жергілікті билік кәсіпкерлердің ұсыныстарына қашан да ашық. Екіншіден қажетті қолдауды көрсетуге де әзір екенін жеткізді. Әсіресе көктемгі егіс науқаны басталған сәтте тіпті өзекті. Сондықтан да бизнес-форумда көтерілген мәселелердің басым бөлігі агроөнеркәсіп саласына қатысты болды. Мәселен, бірқатар ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері ақбөкендерден зардап шегіп отыр. Олардың саны жыл санап көбеюде. Бұдан бөлек ақмолалық диқаншылар көктемгі егіс және күзгі егін орағына жеңілдетілген жанар-жағар майды бөлу ережелерімен келіспейтіндерін жеткізді. Топырақты өңдеуге рұқсат етілген түрлерінің тізімдемесінде пар туралы бірде-бір сөз жоқ. Кәсіпкерлердің сөзінше, ол өсімдік шаруашылығының ажырамас бөлігі. Сондықтан мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді.

СНХ: НИКОЛАЙ СТЕПАНЕНКО, «АСКОП» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Жұмыстың бұл түрі қосымша ретінде қарастырылмаған. Ол туралы бірнеше рет айттық. Ол әлі қаралып жатқанын білемін. Осы мәселе тезірек шешілсе екен деген өтінішім бар. Өйткенің, оған біз осы жылы келуіміз мүмкін. Жемазық дайындауымыз керек, жер жыртуымыз керек, егін жинау науқаны келеді. Сондықтан осы мәселеге назар аударуларыңызды сұраймын. Осында отырған шаруалардың бәрін айналып өткен жоқ бұл мәселе.

РКС: Соңғы жылдары өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6 есеге ұлғайды. Облыс аумағында 1200-ден астам өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Қазір облыста 100-ге жуық инвестициялық жоба бар. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қандай да бір кедергі туындаса, оны дер кезінде анықтап, әкімдіктің көмегімен және «Прокурорлық фильтр» арнайы бағдарламасы аясында инвестицияларды тиімді сүйемелдеуге үлес қосуда.

СНХ: ТИМУР НАҚЫПБЕКОВ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Атамекен» палатасы бүкіл Қазақстан өңірлерінде қаржылай емес қолдау жұмысын жүзеге асырады. Әрбір ауданда, облыс орталықтарда кәсіпкерлерді оқыту, оларға қажетті бизнес-пландар жасақтау, заң мәселелері бойынша, қаржылық мәселелері бойынша өзіміздің консультациялық және қажетті көмегін көрсетіп отырмыз. Жақсы бір бағдарламаларының бірі – «Бір ауыл – бір өнім» деген бағдарлама. Президенттің өзі қолдаған бағдарлама. Ақмола облысында 100-ден аса кәсіпкерлікпен айналысамыз. Негізгі мақсаты – заманауи технологтармен технологияларды дамыту.

 РКС: Кездесуді қорытындылаған аймақ басшысы Марат Ахметжанов бүгін нақты нәтижеге жетуге бағытталған ашық диалог болғанын атап өтті. Әкімшілік кедергілерді жоюды тоқтатпай, атқарушы билік органдарының кәсіпкерлермен өзара іс-қимылын орнату қажеттігін еске салды. Ол үшін аймақтық кәсіпкерлер палатасы тиімді алаң ретінде қызмет етпек. Ал өзекті мәселелерді шешу үшін жүйелі тәсіл алдағы уақытта да қолданылады, -деп түйіндеді аймақ басшысы.

ЕСГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ