ДИКТОР: Еліміз бойынша бүгін репродуктивті денсаулық апталығы басталды. Оның басты мақсаты – отбасын жоспарлау, ана мен баланың денсаулығын қорғау және жалпы репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша халықтың білімін арттыру.
РКС: Әйелдің репродуктивті денсаулығы тікелей өмір салтына байланысты. Мамандардың айтуынша, темекі шегу, ішімдік ішу, түсік жасату және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар бедеулікке себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты отбасын жоспарлау – дені сау әрі қалаулы сәбидің дүниеге келуінің негізі ретінде қарастырылады. Сондықтан болашақ ата-аналар үшін ауыр дерттерді дер кезінде анықтап, алдын алу мақсатында медициналық тексеруден өту аса маңызды.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ӘЛПІЛАМ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жүктілікті жоспарлау кезеңінде барлық әйелдер жүктіліктен 3–6 ай бұрын белгілі бір көлемде медициналық тексеруден өтеді. Бұл тексерулердің қатарына Вассерман реакциясы, ВИЧ талдауы, ВИЧ-инфекциясына қарсы антиденелердің бар-жоғын анықтау кіреді. Сонымен қатар жалпы қан талдауы, зәр талдауы тапсырылады, басқа да аурулардың бар-жоғы тексеріледі.
РКС: Облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал тобына қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Өмірлік қиын жағңдайға тап болған аз қамтылған отбасының әйелдері, жалғызбасты аналар мен жас қыздар тегін медициналық көмек алады. Мамандардың кеңесі де тегін. Заманауи дәрі-дәрмек те олар үшін қолжетімді.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ӘЛПІЛАМ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Репродуктивті денсаулыққа келсек, аз қамтамасыз етілген әйелдер үшін тегін контрацепция бар. Ашық есік күнін өткіземіз. Ол жерде көп балалы аналарға белгілі бір қызмет түрі тегін жүргізіледі. Сондай-ақ бұл мәселеде олар автоматты түрде кепілдендірілгенін атап өткім келеді.
РКС: Репродуктивті денсаулық апталығы жай ғана ақпараттық науқан емес. Ол әр отбасы үшін болашағы туралы ойлануға және ата-ана болуға жауапкершілікке қадам жасауға бастайтын мүмкіндік.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ